|
|
|
"Шетелдiк инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына "Шетелдiк инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар кейбір жарлықтарына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1. "Шетелдiк инвестициялар туралы" 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24, 280-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат): 23-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: "1. Шет ел қатынасын кәсiпорын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бухгалтерлiк есеп жүргiзедi және қаржылық есептiлiк жасайды."; "3. Шет ел қатысатын кәсiпорын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмде және нысандар бойынша меншiк иелерiне, мемлекеттік статистика, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына олардың құзыретiне сәйкес жылдық қаржылық есептiлiк және аудиторлық қорытынды табыс етедi.". 2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Тауар биржалары туралы" 1995 жылғы 7 сәуірдегі № 2170 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 26-құжат): 29-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Биржа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бухгалтерлiк есеп жүргiзедi, қаржы және статистикалық есептiлiктi жасайды.". 3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Сақтандыру туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы № 2475 Заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 19, 115-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 15, 279-құжат): 39-бап мынадай редакцияда жазылсын: "39-бап. Сақтандырушының бухгалтерлiк есебi мен қаржылық есептiлiгi Сақтандырушының бухгалтерлiк есебi мен қаржылық есептiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi". Қазақстан Республикасының Президентi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |