|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; № 24, 174-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274, 277-құжаттар; № 19, 370-құжат; 1997 жылғы 25 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Банкроттық туралы" заң күшi бар Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 11 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңы; 19-бапта: 1-тармақта "осы Кодексте" деген сөздерден кейiн "және өзге заң актілерінде" деген сөздермен толықтырылып, "мемлекеттік тiркеуге тұрған кезден бастап" деген сөздер алып тасталсын; 4-5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "4. Мынадай шарттардың бiрiне сәйкес келетiн: 1) жалданбалы қызметкерлердiң еңбегiн тұрақты негiзде пайдаланатын; 2) кәсiпкерлiк қызметтен салық заңдарына сәйкес есептелген, Қазақстан Республикасының заң актілерінде жеке тұлғалар үшiн белгiленген жиынтық жылдық табыстың салық салынбайтын мөлшерiнен артық жиынтық жылдық табыс табатын жеке кәсiпкерлер мiндеттi мемлекеттік тiркеуге жатады. Мемлекеттік тiркеусiз аталған жеке кәсiпкерлердiң қызметiне тыйым салынады. 5. Егер жеке кәсiпкер лицензиялануға тиiс қызметтi жүзеге асырса, оның осындай қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы болуы мiндеттi. Лицензия лицензиялау туралы заңдарда белгiленген тәртiппен берiледi. Қазақстан Республикасының Үкіметі жеке кәсiпкерлерге лицензия берудiң оңайлатылған тәртібін белгiлеуге хақылы"; 21-бап мынадай редакцияда жазылсын: "21. Жеке кәсiпкердiң банкроттығы. 1. Жеке кәсiпкердiң дәрменсiздiгi. (осы Кодекстiң 52-бабы) оны банкрот деп тануға негiз болып табылады. 2. Жеке кәсiпкерлiк банкроттығы осы Кодекстің 53-бабында белгiленген ережелер бойынша ерiктi немесе мәжбүрлi тәртiппен танылады. Жеке кәсiпкерлi банкрот деп таныған кезден бастап оны жеке кәсiпкер ретiнде тiркеудiң күшi жойылады. 3. Жеке кәсiпкерге банкроттық рәсiмiн қолданған кезде оның кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес мiндеттемелер жөнiнде несие берушiлерi, егер осындай мiндеттемелер бойынша орындау мерзiмi жетсе, өз талаптарын қоюға хақылы. Аталған несие берушiлердiң осындай тәртiппен мәлiмделмеген талаптары, сондай-ақ конкурстық жиынтықтан толық көлемде қанағаттандырылмаған талаптар күшiн сақтап қалады және банкроттық рәсiм аяқталғаннан кейiн жеке тұлға ретiнде борышкерден өндiрiп алуға қойылуы мүмкiн. Бұл талаптардың мөлшерi борышкердiң банкроттығы процесiнде алынған қанағаттандыру сомасына кемiтiледi. 4. Несие берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғанға дейiн конкурстық жиынтықтан сот шығындары, сондай-ақ әкiмшiге, конкурс және оңалту басқарушыларына, олар тағайындалған жағдайда, сыйақы төлеу жөніндегі шығындар өтеледi. Жеке кәсiпкер банкрот деп танылған жағдайда, оған несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру оған тиесiлi мүлiк есебiнен мынадай кезекпен жүзеге асырылады: 1) бiрiншi кезекте алимент өндiрiп алу жөніндегі талаптар, сондай-ақ өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтеу жөніндегі талаптар қанағаттандырылады; 2) екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбекақы төлеу жөніндегі және авторлық шарттар бойынша сыйақы төлеу жөніндегі есеп айырысу жүргiзiледi; 3) үшiншi кезекте бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетiн мiндеттi төлемдер бойынша берешек өтеледi; 4) төртiншi кезекте несие берушiлердiң жеке кәсiпкерге тиесiлi мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптары қамтамасыз ету сомасы шегiнде қанағаттандырылады; 5) бесiншi кезекте заң актілеріне сәйкес басқа несие берушiлермен есеп айырысу жүргiзiледi. Әрбiр кезектегi несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру заңды тұлғалардың банкроттығы туралы заң актілерінде көзделген ережелер бойынша жүргiзiледi. 5. Банкрот деп танылған борышкер несие берушiлермен есеп айырысып болғаннан кейiн кәсiпкерлiк қызметке байланысты қалған мiндеттемелердi орындаудан босатылады, бұған банкрот деп жарияланған адамның азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауапты болатын талаптары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жеке сипаттағы өзге де талаптар қосылмайды.". 2. "Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы" 1992 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 16, 424-құжат; 1995 ж., № 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат): 1-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Жеке кәсiпкерлiк - азаматтардың өздерiнiң (жеке кәсiпкерлiк) немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың (заңды тұлғалардың жеке кәсiпкерлiгi) меншiгiне негiзделген және азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың атынан олардың тәуекелiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiне алынып жүзеге асырылатын, азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметi."; 2-тармақ алып тасталсын; 3-бапта: 1-тармақтағы "Жекеше кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттік реттеудiң негiзгi құқылық түрi заңдар және Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң қаулылары болып табылады" деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақ алып тасталсын; 4-бапта: 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "1. Жеке кәсiпкерлiктi бiр азамат дербес (өзiндiк кәсiпкерлiк) немесе азаматтар тобы - жеке кәсiпкерлер (бiрлескен кәсiпкерлiк) заңды тұлға құрмай-ақ жүзеге асыра алады. Бiрлескен кәсiпкерлiктiң нысандары мыналар болып табылады: 1) ерлi-зайыптылардың бiрлескен ортақ меншiгiнiң негiзiнде жүзеге асырылатын ерлi-зайыптылардың кәсiпкерлiгi; 2) шаруа (фермер) қожалығының бiрлескен ортақ меншiгiнiң немесе жекешелендiрiлген тұрғын үйге бiрлескен ортақ меншiктiң негiзiнде жүзеге асырылатын отбасылық кәсiпкерлiк; 3) жай серiктестiк, бұл орайда кәсiпкерлiк қызмет үлестiк ортақ меншiктiң негiзiнде жүзеге асырылады; 2. Заңды тұлғалардың жеке кәсiпкерлiгiн мемлекеттік емес заңды тұлғалар жүзеге асырады."; 5-бап мынадай редакцияда жазылсын: "5-бап. Жеке кәсiпкерлiктiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау 1. Мемлекет жеке кәсiпкерлiк қызметтiң еркiндiгiне кепiлдiк бередi және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етедi. Мемлекет, егер осы Заңда және басқа да заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жеке кәсiпкерлiк өз қызметiн еркiн және толық көлемiнде жүзеге асыру құқығын қамтамасыз етедi. 2. Жеке кәсiпкерлердiң құқықтары мен заңды мүдделерi: 1) лицензияланатын қызмет түрлерiн қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметтi кiмнiң болса да рұқсатын алмай-ақ жүзеге асыру мүмкiндiгi; 2) жеке кәсiпкерлердi бiр тiркеу органында барынша оңайлатылған, келiп тiркелу тәртібімен; 3) мемлекеттік органдар жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлiк қызметтi тексерудi заң актілерімен шектеу; 4) жеке кәсiпкерлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзатын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен мемлекеттік органдар актілерінiң әрекеттерiне немесе әрекетсiздiгiне сотқа шағымдану; 5) жеке кәсiпкерлiк қызметтi заң актiсiнде көзделген негiз бойынша шығарылған сот шешiмi бойынша ғана мәжбүрлеп тоқтату; 6) жеке кәсiпкерлiк үшiн тыйым салынған немесе шек қойылған жұмыстардың тiзбесiн, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер түрлерiн заң актілерімен ғана белгiлеу; 7) мемлекеттік органдарды, лауазымды адамдарды, сондай-ақ өзге де тұлғалар мен ұйымдарды жеке кәсiпкерлердiң қызметiне заңсыз кедергi келтiргенi үшiн заң актілерімен белгiленген жауапқа тарту; 8) заңдарда көзделген өзге де амалдар арқылы қорғалады."; 6 және 7-баптар алып тасталсын; 8-бапта: 1-тармақтың екiншi азатжолындағы "аудандық (қалалық) мемлекеттік статистика органдарында" деген сөздер "азаматтың тұрғылықты жерi бойынша аумақтық салық органында (бұдан әрi - тiркеушi орган)" деген сөздермен ауыстырылсын; 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "4. Мынадай шарттардың бiрiне сәйкес келетiн: 1) жалдама қызметкерлердiң еңбегiн тұрақты негiзде пайдаланатын; 2) кәсiпкерлiк қызметтен салық заңдарына сәйкес есептелген, Қазақстан Республикасының заң актілерінде жеке тұлғалар үшiн белгiленген жиынтық жылдық табыстың салық салынбайтын мөлшерiнен артық жиынтық табыс табатын жеке кәсiпкерлер мiндеттi мемлекеттік тiркеуге жатады. Мемлекеттік тiркеусiз аталған және кәсiпкерлердiң қызметiне тыйым салынады. 5. Осы баптың 4-тармағында аталмаған жеке кәсiпкерлер өздерiнiң қалауы бойынша жеке кәсiпкер ретiнде тiркеледi. Осы баптың 4-тармағында аталғандардан басқа жеке кәсiпкерлерде мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң болмауы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн кедергi болмайды. 6. Қызметiн мемлекеттік тiркеусiз жүзеге асыратын жеке кәсiпкердiң мәмiлелер жасасқан кезде өзiнiң кәсiпкер болып табылмайтынына сiлтеме жасауға хақы жоқ"; 9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "2. Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттік тiркеу заң актілерінде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады."; 10-бап алып тасталсын; 14-баптың үшiншi азатжолындағы "Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген тәртiппен және жағдайда жер учаскесiн иелену құқығы да, пайдалану құқығы да" деген сөздер "Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда жер учаскесiне меншiк немесе тұрақты жер пайдалану құқығы" деген сөздермен ауыстырылсын; 16-бап мынадай редакцияда жазылсын: "16-бап. Жеке кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау Жеке кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау заң актілерінде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады."; 17-бап мынадай редакцияда жазылсын: " 17-бап. Жеке кәсiпкерлерге банк қызметiн көрсету Жеке кәсiпкерлерге банк қызметiн көрсету Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шарттар негiзiнде және тараптардың келісімiмен жүзеге асырылады."; 19-баптың 4-тармағындағы екiншi азатжолындағы "тiзбесiн" деген сөз "тiзбесi" деген сөзбен, "тәртібін" деген сөз "тәртібі" деген сөзбен, "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi белгiлейдi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленедi" деген сөздермен ауыстырылсын; 23-баптың 4-тармағындағы "Министрлер Кабинетi" деген сөздер "Үкіметі" деген сөзбен ауыстырылсын; 28-бап мынадай редакцияда жазылсын: "28-бап. Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады."; 29 және 30-баптар алып тасталсын; 3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 жылғы 25 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Банкроттық туралы" заң күшi бар Жарлығының күшi жойылды деп тану және Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 9 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 12 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің заң күшi бар кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы); 3-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтар (жеке кәсiпкерлер) лицензияны заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен алады. Қазақстан Республикасының Үкіметі жеке кәсiпкерлерге лицензия берудiң оңайлатылған тәртібін белгiлеуге хақылы."; 16-бапта: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "3) кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алым төленгенiн растайтын құжат (осы Жарлықтың 18-бабы)."; 18-бап мынадай редакцияда жазылсын: "18-бап. Кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн төленетiн алым Кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн төленетiн алымның мөлшерi, оны төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленедi."; 19-бапта: 1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "3) кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн төленетiн алым төленбесе (осы Жарлықтың 18-бабы);". 4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі № 2235 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 6, 43-құжат; № 12, 88-құжат; № 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180, 181-құжаттар; № 11-12, 275-құжат; № 15, 281-құжат; № 23-24, 416-құжат; 1997 жылғы 1 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiне жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңы, 1997 жылғы 15 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" заң күшi бар Жарлығына толықтыру енгізу туралы" 1997 жылғы 27 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 12 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің заң күшi бар кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы); 34-бапта: 5-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: "8) жеке кәсiпкердiң кәсiпкерлiк қызметпен айналысудан алған табысы (Қазақстан Республикасында төлем көзiне салық салынуға тиiс табысты қоспағанда) жеке тұлғалар үшiн Заңда белгiленген салық салынбайтын жылдық табыстың сомасынан аспайды.". Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |