|
|
|
Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Осы Заң Қазақстан Республикасының 2002 ж. 16 мамырдағы № 321-II Заңына сәйкес күшін жойды Осы Заң Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнiң, қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тауарды, жұмысты және көрсетiлетiн қызметтi мемлекеттік сатып алу процесiнде туындайтын құқықтық қатынастарды осы қаражатты тиiмдi пайдалану мақсатында реттейдi. ЕСКЕРТУ. Кiрiспеден сөздер алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.12.06. № 306 Заңымен. I-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланатын ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: мемлекеттік сатып алу - мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың негiзiнде мемлекеттiң тапсырысшылар арқылы Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнiң қаражаты есебiнен мемлекет меншiгiне тауарлар сатып алу және мемлекетке қажеттi жұмыс пен қызмет көрсетiлуi; мемлекеттік сатып алу туралы шарт - осы Заңға және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерге сәйкес тапсырысшы мен өнiм берушi арасында жасалған азаматтық-құқықтық шарт; тапсырысшы - өз мұқтаждары үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен сатып алуды жүзеге асыратын орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдар, олардың қарамағындағы мемлекеттік мекемелер; конкурс - ықтимал өнiм берушiлер арасындағы бәсекенi көздейтiн және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың ең тиiмдi жағдайларын анықтауға бағытталған мемлекеттік сатып алуды өткізу әдiсi; конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету - мемлекеттік сатып алуды өткізу конкурсына жiберiлген ықтимал өнiм берушiнiң кепiлдi жарнасы; мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету - өнiм берушiнiң мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауының кепiлдi жарнасы; конкурсты ұйымдастырушы - тапсырысшы немесе конкурсты өткізу мен ұйымдастыру кезiнде тапсырысшының атынан немесе уәкiлеттi органның тапсырмасы бойынша әрекет жасайтын басқа да мемлекеттік орган; өнiм берушi - тапсырысшымен мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа контрагент ретiнде қатысатын заңды тұлға немесе жеке адам; ықтимал өнiм берушi - мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатымен мемлекеттік сатып алу процесiне қатысатын заңды тұлға немесе жеке адам; мемлекеттік сатып алу процесi - Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнiң қаражаты есебiнен тауарлар сатып алуға, қажеттi жұмыс пен көрсетiлетiн қызметтердi алуға бағытталып жүргiзiлетiн барлық шаралар кешенi, соның iшiнде тапсырысшының мемлекеттік сатып алу номенклатурасы мен көлемiн қалыптастыруы, өнiм берушiнi таңдауы, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мен оны орындауы; уәкiлеттi орган - мемлекеттік сатып алу процесiн өз құзыретi шегiнде реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган; мемлекеттік сатып алу процесiне қатысушылар - тапсырысшылар, конкурсты ұйымдастырушылар, ықтимал өнiм берушiлер, өнiмдi жеткiзiп берушiлер; конкурстық құжаттама - конкурстық өтiнiмдердi әзiрлеу үшiн және конкурсты өткізу тәртібі туралы ықтимал өнiм берушiге берiлетiн құжаттама; конкурстық өтiнiм - ықтимал өнiм берушiнiң конкурстық құжаттамаға сәйкес жасаған конкурстық ұсынысы. ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгердi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.09 № 306 Заңымен. 2-бап. Мемлекеттік сатып алу процесi Мемлекеттік сатып алу процесi: республикалық және жергiлiктi бюджеттер бекiткен көрсеткiштер негiзiнде сатып алынатын тауарлардың, атқарылатын жұмыс пен көрсетiлетiн қызметтiң номенклатурасы мен көлемiн қалыптастыруды; өнiм берушiнi таңдауды, онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды және одан тиiстi қаржы жылына тауарларды, жұмыс пен қызмет көрсетулердi сатып алуды; мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды орындауды қамтиды. ЕСКЕРТУ. 2-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.12.09 № 306 Заңымен. 3-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы заңдардың принциптерi Мемлекеттік сатып алуға байланысты қатынастарды құқықтық реттеу мынадай принциптерге негiзделедi: мемлекеттік бюджет қаражатының оңтайлы жұмсалуы; мемлекеттік сатып алу туралы заңдарда көзделгеннен басқа жағдайларда мемлекетке тауар, жұмыс және қызмет көрсетудi ұсынуға қатысу үшiн барлық ықтимал өнiм берушiлерге тең мүмкiндiктердi қамтамасыз ету; тауарды, жұмысты және қызмет көрсетудi ықтимал берушiлер арасындағы адал бәсекелестiк; мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша мемлекеттік сатып алу процесiнiң жариялылығы. ЕСКЕРТУ. 3-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09 № 306 Заңымен. 4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 5-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдары және халықаралық құқық нормалары Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының сатып алу туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 6-бап. Мемлекеттік сатып алу процесiн реттеу жөніндегі уәкiлеттi орган 1. Мемлекеттік сатып алу процесiн реттеудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік сатып алу процесiн реттеу жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган: 1) тапсырысшылар жүргiзетiн мемлекеттік сатып алу процестерiн үйлестiру мен мониторингтi жүзеге асырады; 2) мемлекеттік сатып алу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлейдi, өз құзыретi шегiнде мемлекеттік сатып алуды жүргiзу жөніндегі әдiстемелiк материалдарды әзiрлеп, бекiтедi; 3) тауарларды, жұмыс пен қызметтi мемлекеттік сатып алуды жүргiзудiң Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тәртібін бақылауды жүзеге асырады; 4) жүргiзiлген мемлекеттік сатып алу туралы есеп беру тәртібін анықтайды; 5) тапсырысшыларға мемлекеттік сатып алуды жүргiзу мәселелерi бойынша әдiстемелiк және ұйымдастырушылық көмек көрсетедi. ЕСКЕРТУ. 6-баптың 3,4-тармақшалары жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.12.09 № 306 Заңымен. 7-бап. Мемлекеттік сатып алуға байланысты қызметтегi жариялылық 1. Мемлекеттік сатып алу процесiн реттеуге қатысты барлық нормативтiк құқықтық актiлер ресми баспасөзде жарияланады. 2. Жүргiзiлген мемлекеттік сатып алулар туралы мәлiметтердi тапсырысшылар немесе конкурсты ұйымдастырушылар, мемлекеттік құпияға жататын мәлiметтердi қоспағанда, ресми баспасөзде үнемi жариялап отырады. 3. Тапсырысшы немесе конкурсты ұйымдастырушы конкурс аяқталғанға дейiн оған ықтимал өнiм берушiлер берген барлық ақпаратқа қатысты құпиялықты сақтауға мiндеттi. ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09 № 306 Заңымен. 2-тарау. Мемлекеттік сатып алу процесiн ұйымдастыру 8-бап. Мемлекеттік сатып алу процесiн жүзеге асыру 1. Мемлекеттік сатып алу мына әдiстердiң бiрiмен жүзеге асырылады: 1) конкурс; 2) бiр көзден сатып алу; 3) баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып өнiм берушiнi таңдау. 2. Конкурстың түрлерi мыналар болып табылады: ашық конкурс; жабық конкурс. 3. Ашық конкурс және жабық конкурс екi кезеңдi рәсiмдi пайдалана отырып өткiзiлуi мүмкiн. 4. Конкурс арқылы мемлекеттік сатып алуды өткізу кезiнде ықтимал өнiм берушiлердiң кемiнде үшеуi қатысуы қажет. Егер конкурсқа үштен кем ықтимал өнiм берушi қатысса, конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткiзiлмедi деп жариялайды. Егер жарияланған конкурс өткiзiлмеген деп танылса, конкурсты ұйымдастырушы: кемiнде үш айдан кейiн қайталап ашық конкурс өткізуге; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен Тауарларды, жұмысты және қызмет көрсетудi мемлекеттік сатып алуды жүргiзу тәртібін сақтай отырып, қайталап конкурс өткізуге; бiр көзден сатып алу әдiсiн қолдануға; өзiнiң конкурстық құжаттамасының мазмұнын өзгертуге құқылы. 5. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негiзгi әдiсi ашық конкурс болып табылады. Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың мынадай жолдарын өз бетiнше таңдап алады: 1) ашық конкурс; 2) баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып өнiм берушiнi таңдау; 3) табиғи монополиялар субъектiлерiнен бiр көзден сатып алу; 4) конкурстың жабық түрiн және табиғи монополиялардың субъектiлерiне жатпайтын өнiм берушiлерден бiр көзден сатып алуды таңдаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң екi мың еселенген мөлшерiнен аспайтын соммаға тауарлардың, жұмыс пен қызмет көрсетудiң бiртектес түрлерiн сатып алу. Конкурсты ұйымдастырушы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды мынадай жолдарын таңдап алады: 1) жабық конкурс; 2) табиғи монополиялардың субъектiлерiнен сатып алуды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң екi мың еселенген мөлшерiнен астам сомаға тауарлардың, жұмыс пен қызмет көрсетудiң бiртектес түрлерi бойынша бiр көзден сатып алу; 3) екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, ашық және жабық конкурстар өткізу. 6. Осы бапқа сәйкес мемлекеттік сатып алудың тәртібін, конкурстық комиссия туралы ереженi және конкурстық құжаттаманың нысанын, сондай-ақ тауарларды, жұмыс пен қызмет көрсетудi сатып алудың салалық ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 7. Орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардың қарамағындағы мемлекеттік мекемелер тауардың, жұмыстың немесе қызмет көрсетудiң қандай болсын бiртектес түрлерiн мемлекеттік сатып алу көлемi құны жағынан Қазақстан Республикасының заңдарында тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына белгiленген есептiк көрсеткiштiң бес мың еселенген айлық мөлшерiнен аспайтын жағдайда ғана конкурсты ұйымдастырушы ретiнде iс-әрекет iстеуге құқылы. 8. Егер бiрнеше тапсырысшы тауарлардың, жұмыс пен қызмет көрсетудiң бiртектес түрлерi бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғысы келген жағдайда уәкiлеттi орган оларға ортақ конкурс ұйымдастырушыны белгiлей алады. ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгердi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.09 № 306 Заңымен. 9-бап. Конкурсты ұйымдастырушының жасалатын мемлекеттік сатып алулар туралы ақпаратына қойылатын жалпы талаптар 1. Конкурсты ұйымдастырушының жасалатын мемлекеттік сатып алулар туралы ақпараты мынадай мәлiметтердi қамтуға тиiс: 1) конкурсты ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерi; 2) болжалып отырған сатып алудың көлемi, сапасы, номенклатурасы және тауар әкелiнетiн, жұмыс орындалатын және қызмет көрсетiлетiн орын; 3) тауар берудiң, жұмыс орындаудың талап етiлетiн мерзiмдерi немесе қызмет көрсету кестесi; 4) конкурстық құжаттаманы алудың орны мен әдiстерi; 5) конкурстың өткiзiлетiн орны мен уақыты, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтiнiм беретiн орын мен мерзiм; 6) ықтимал өнiм берушiлерге қойылатын біліктілік талаптары; 6-1) Конкурстық құжаттаманың, конкурс өткізудiң және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өнiм беру шартын жасасудың тіліне қойылатын талаптар; 7) басқа да қажеттi ақпарат. 2. Тапсырысшының ақпаратындағы кез келген өзгерістердi конкурсты ұйымдастырушы дереу ықтимал өнiм берушiлерге жеткізеді, бұл ретте конкурстық өтiнiм беру мерзiмi осындай соңғы өзгерістер туралы ықтимал өнiм берушiлерге хабарланған күннен бастап есептеледi. ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгердi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.09 № 306 Заңымен. 10-бап. Ықтимал өнiм берушiге қойылатын біліктілік талаптары 1. Мемлекеттік сатып алу процесiне қатысу үшiн ықтимал өнiм берушi мынадай біліктілік талаптарын қанағаттандыруға: 1) мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес мiндеттемелерiн орындауы үшiн кәсiптiк құзыретi, тәжiрибесi, беделi, сондай-ақ қажеттi қаржылық, материалдық және еңбек ресурстары болуға; 2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшiн азаматтық құқық қабiлетi болуға; 3) төлем қабiлетi болуға, таратуға жатпауға тиiс, мүлкi алып қойылмауға тиiс, оның қаржы-шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тоқтатылмауға тиiс; 4) конкурсқа қатысуға өтiнiм берген кезде және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан кезде бюджетке салық және басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөніндегі өз мiндеттемелерiн орындауға тиiс. 2. Ықтимал өнiм берушi конкурсты ұйымдастырушыға куәлiктердiң, лицензиялардың, анықтамалардың және ықтимал өнiм берушiнiң біліктілік талаптарына сәйкестiгiн растайтын өзге де құжаттардың көшiрмелерiн табыс етедi. 3. Конкурсты ұйымдастырушының ықтимал өнiм берушiге осы баптың 1-тармағында көзделгеннен өзге біліктілік талаптарын қоюға құқығы жоқ және ықтимал өнiм берушi өзiне қойылатын біліктілік талаптарына қатысы жоқ ақпаратты конкурсты ұйымдастырушыға бермеуге құқылы. 4. Елде осы тауарлардың, жұмыс пен қызмет көрсетудiң бәсекелес рыногы болған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы біліктілік талаптарын қалыптастыру кезiнде отандық ықтимал өнiм берушiлермен шектелуге құқылы. 5. Ықтимал өнiм берушi біліктілік талаптары туралы толық емес, дәл емес немесе жалған ақпарат берген жағдайда конкурсты ұйымдастырушы оны сатып алу процесiне қатысудан шеттеуге құқылы. Берiлген ақпараттың толықтығы ықтимал өнiм берушiнiң біліктілік мүмкiндiктерiн растайтын құжаттарды конкурсты ұйымдастырушы қараған кезде анықталады. ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09 № 306 Заңымен. 11-бап. Конкурстық құжаттаманың мазмұны 1. Конкурсты ұйымдастырушы ықтимал барлық өнiм берушiге мынадай ақпараттан тұратын конкурстық құжаттаманы ұсынуға мiндеттi: 1) ықтимал өнiм берушiнiң біліктілік мүмкiндiктерiн растайтын құжаттардың тiзбесi; 2) техникалық ерекшелiктерiн, жоспарларды, сызбалар мен нобайларды қоса алғанда, сатып алынатын тауардың, жұмыстың және көрсетiлетiн қызметтiң техникалық және сапалық сипаттамалары: тауар саны; орындалуға тиiстi кез келген жолай қызмет көрсету; жұмыс орындалатын немесе тауар берiлетiн, немесе қызмет көрсетiлетiн орын; тауар берудiң, жұмысты орындаудың немесе қызмет көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерi; 3) жеңiп шыққан конкурстық өтiнiмдi айқындауда конкурсты ұйымдастырушы ескеретiн өлшемдер тiзбесi; 4) егер тауарлардың жұмыс пен қызметтiң балама сипаттамаларына жол берiлсе, балама конкурстық өтiнiмдерге баға беру мен салыстыру әдiсiнiң тиiстi нұсқауы мен сипаттамасы шарт жағдайлары немесе конкурстық құжаттамада жазылған басқа талаптар; 5) тауарлардың, жұмыстың және көрсетiлетiн қызметтiң құнына қоса бағаға басқа элементтер кiруге тиiстілігiне не тиiстi еместiгiне қатысты нұсқамаларды қоса алғанда, конкурстық өтiнiм есептелгенде негiз алынуға тиiстi әдiстеме, мысалы, тасымалдауда және сақтандыруда, кеден бажын және салық төлеуде қолданылатын кез келген шығындар; 6) ықтимал өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмiн қамтамасыз етудiң мазмұны мен нысаны; 7) ықтимал өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiм берудiң түпкiлiктi мерзiмi өткенге дейiн өзiнiң конкурстық өтiнiмiн өзгерту немесе қайтарып алу құқығына тиiстi нұсқама; 8) конкурстық өтiнiмдер берудiң әдiсi, орны және түпкiлiктi мерзiмi мен олардың қолданылу мерзiмi; 9) конкурстық құжаттамаға байланысты ықтимал өнiм берушiлер түсiндiрме сұрата алатын әдiстер және тапсырысшының сол кезеңде ықтимал өнiм берушiлермен кездесу өткізу ниетi туралы мәлiмдемесi; 10) конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердiң ашылатын орны, күнi және уақыты; 11) конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу және конкурстық өтiнiмдердi қарау үшiн пайдаланылатын рәсiмдер; 12) конкурсты ұйымдастырушының лауазымды адамдары, конкурсты дайындауда және өткізуде конкурсты ұйымдастырушыдан өкiл болатын уәкiлдер туралы деректер; 13) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мазмұны мен орындалуын қамтамасыз ету нысаны; 14) күрделiлiгi жоғары сипаттағы iрi объектiлердi салу жөніндегі мердiгерлiк жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жүргiзiлген жағдайларда бастапқы ең жоғары баға белгiленуi мүмкiн. 2. Мемлекеттік сатып алу процесiне қатысуға тiлек бiлдiрген ықтимал өнiм берушi конкурстық құжаттамаға сәйкес конкурстық өтiнiмдi белгiленген мерзiмде және желiмденген конвертке салып конкурсты ұйымдастырушыға табыс етуге мiндеттi. 3. Конкурсты ұйымдастырушы ықтимал өнiм берушiнiң мерзiмдердi немесе конкурсты ұйымдастырушы ұсынған конкурстық өтiнiмнiң мазмұнына қатысты белгiлеген талаптарды бұза отырып берген конкурстық өтiнiмдi қарамауға құқылы. ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09 № 306 Заңымен. 12-бап. Конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiру 1. Ықтимал өнiм берушi конкурстық құжаттама ережелерiне түсiндiрме беру туралы сауал салуға құқылы, бiрақ ол конкурстық өтiнiш берудiң ақтық мерзiмi бiткенге дейiнгi 10 күннен кешiктiрiлмеуi керек. Конкурсты ұйымдастырушы ықтимал өнiм берушiнiң мұндай сауалына үш күн мерзiмде жауап қайтаруға және сауалдың кiмнен түскенiн көрсетпестен, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық ықтимал өнiм берушiлерге осы түсiндiрмелердi хабарлауға тиiс. 2. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiм ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi өткенге дейiн кез келген уақытта өзiнiң жеке бастамасымен, не қандай да бiр ықтимал өнiм берушiнiң тарапынан түскен түсiндiрме беру туралы сауалға жауап ретiнде толықтыру шығару арқылы конкурстық құжаттаманы өзгертуге құқылы. Конкурсты ұйымдастырушы бұл толықтыруды конкурстық өтiнiмдер берiлген барлық ықтимал өнiм берушiлерге дереу хабарлайды және олардың мұндай ықтимал өнiм берушiлер үшiн мiндеттi күшi болады, бұл орайда конкурстық құжаттама берудiң мерзiмi осындай соңғы толықтырулар туралы ықтимал өнiм берушiлерге хабарланған күннен бастап есептеледi. ЕСКЕРТУ. 12-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09 № 306 Заңымен. 13-бап. Конкурстық өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмi, өзгертiлуi және қайтарып алынуы 1. Конкурстық өтiнiмдер конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiм iшiнде күшiнде қалады. 2. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн ықтимал өнiм берушiлерден осы мерзiмдi қосымша нақты уақыт кезеңiне ұзартуды өтiне алады. Ықтимал өнiм берушi өзi берген конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтып алу құқығын жоғалтпай, мұндай сауалдан бас тарта алады және оның конкурстық өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi ұзартылмаған мерзiм өткенде аяқталады. 3. Ықтимал өнiм берушi өзi берген конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтып алу құқығын жоғалтпай, конкурстық өтiнiмдердi тапсырудың түпкiлiктi мерзiмдерi өткенге дейiн өзiнiң конкурстық өтiнiмiн өзгертуi немесе оны қайтарып алуы мүмкiн. Егер оны конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi тапсырудың түпкiлiктi мерзiмi өткенге дейiн алса, қайтарып алу туралы мұндай өзгерiс немесе хабар күшiнде болады. ЕСКЕРТУ. 13-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09 № 306 Заңымен. 14-бап. Конкурстық өтiнiмдердi қамтамасыз ету 1. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi табыс еткен ықтимал өнiм берушiлерден конкурстық өтiнiмдердi қамтамасыз етудi енгiзудi талап етуi мiндеттi. Бұл ретте: 1) мұндай талап барлық ықтимал өнiм берушiлерге қатысты болуға тиiс; 2) конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада конкурстық өтiнiмнiң қажеттi қамсыздандырылу нысанын, көлемiн және басқа да негiзгi жағдайларын көрсетуге тиiс. 2. Конкурстық өтiнiмнiң қамтамасыз етiлуi конкурстық өтiнiмдi және тиiстi қамтамасыз етудi ұсынған ықтимал өнiм берушiге, егер ықтимал өнiм берушi: 1) конкурстық өтiнiм берудiң түпкiлiктi мерзiмi өткен соң конкурстық өтiнiмдi қайтарып алса немесе өзгертсе; 2) конкурс жеңiмпазы болып белгiленгеннен соң, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймаса; 3) конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлем мен жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғаннан кейiн мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзбесе, қайтарылмайды. 3. Конкурсты ұйымдастырушы ықтимал өнiм берушiге ұсынылған конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi мына жағдайларда: 1) конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi өткенде; 2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшiне енгенде; 3) конкурс жеңiмпазы белгiленбей, мемлекеттік сатып алу рәсiмдерi тоқтатылғанда; 4) 5) конкурстың жеңiмпазы болып басқа ықтимал өнiм берушi белгiленгенде қайтарып бередi. ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09 № 306 Заңымен. 15-бап. Конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу 1. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi конкурстық өтiнiмдер ұсынған барлық келушi ықтимал өнiм берушiлердiң немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен конкурстық құжаттарда көрсетiлген мерзiмде ашады. 2. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу кезiнде қатысып отырған ықтимал өнiм берушiлердiң атауы мен орналасқан жерiн және олар ұсынған бағаларды жариялайды. ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09 № 306 Заңымен. 16-бап. Конкурстық өтiнiмдердi қарау, бағалау мен салыстыру 1. Конкурстық өтiнiмдердi қарау, бағалау мен салғастыру кезiнде: 1) конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдердi қарау, бағалау мен салғастыруды жеңiлдету үшiн ықтимал өнiм берушiлерден конкурстық өтiнiм берулерiне байланысты түсiндiрмелер табыс етудi сұрай алады; 2) формальды талаптарға сай келмейтiн конкурстық өтiнiмдi осы талаптарға сәйкес келтiру үшiн ешқандай сұрау салуды, ұсыныстарға немесе рұқсат алуға жол берiлмейдi; 3) 2. Егер конкурстық өтiнiмдi конкурстық құжаттамада жазылған сипаттамалардан, шарттар мен басқа талаптардың айтарлықтай өзгертпейтiн немесе елеулi ауытқушылық болып табылмайтын болмашы ауытқулар болғанда немесе конкурстық өтiнiмнiң мәнiсiн өзгертпей түзетуге келетiн грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдi формальды талаптарға сай бередi деп қарастыра алады. Мұндай кез келген ауытқулар мүмкiндiгiнше санмен көрсетiледi және конкурстық өтiнiмдердi бағалау мен салғастыру кезiнде ескерiледi. 3. Конкурстық комиссия, егер: 1) белгiлi бiр конкурстық өтiнiмдi берген ықтимал өнiм берушi біліктілік талаптарына сай келмесе; 2) осы баптың 2-тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда конкурстық өтiнiм формальды талаптарға сай келмесе конкурстық өтiнiмдi қабылдамайды. 4. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға қабылданған конкурстық өтiнiмдердi бағалап, салғастырады және ең төмен баға негiзiнде немесе баға факторына қоса конкурстық құжаттамада аталған өзге де өлшемдердi ескере отырып, жеңiп шыққан конкурстық өтiнiмдi айқындайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |