|
|
|
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамы құрылсын. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамын құрудың мақсаты және оның қызметiнiң негiзгi түрлерi: Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен салымшылардың мiндеттi зейнетақы жарналарын жинау және оны зейнетақы алушыларға төлеу; Зейнетақы активтерiн қалыптастыру және оларды мемлекеттік құнды қағаздарға, мемлекеттік банктердiң депозиттерiне, халықаралық қаржы ұйымдарының құнды қағаздарына инвестициялау болып табылады. 2. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамының құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. 3. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталы 10 миллион теңге мөлшерiнде белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамына жарғылық капиталын қалыптастыру үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервтiк қорынан 10 (он) миллион теңге бөлсiн. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы ҚР Үкіметінің 17.10.00 ж. № 1547 қаулысын қараңыз ҚР Үкіметінің 27.07.02 ж. № 837 қаулысымен 4-тармақ алып тасталды 4. алып тасталды 5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігімен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкіметіне "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамының Байқаушы кеңесiнiң құрамын бекіту туралы ұсыныс енгiзсiн. 6. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамын құру жөніндегі қажеттi ұйымдастыру шараларын жүргiзсiн. 7. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды ұйымдарды тiркеу жөніндегі агенттiгi белгiленген тәртiпке сәйкес "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамын мемлекеттік тiркеуден өткiзсiн. 8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментi 1997 жылғы 1 қарашаға дейiн "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамын Алматы қаласында қызметтiк үй-жаймен қамтамасыз етсiн. 9. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң ұлттық зейнетақы агенттiгi, заңдармен белгiленген тәртiппен, "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамына лицензия беретiн болсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |