|
|
|
Коммуналдық қызмет көрсетулер үшiн төлем ақы белгiлеудiң тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Коммуналдық қызметтiң халыққа арналған тарифтерiн белгiлеудiң мынадай тәртібі енгiзiлсiн: Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi - табиғи монополияшыларының мемлекеттік тiзiлiмiне енген, коммуналдық меншiкке жататын кәсiпорындардың қызмет көрсетулерiне тарифтердi; Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң аймақтық органдарының келісімi бойынша, жергiлiктi өкiлеттi органдары белгiлейдi; Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi - табиғи монополияшыларының мемлекеттік тiзiлiмiне енген ұйымдар (мемлекеттік коммуналдық меншiк объектiлерi болып табылмайтын) көрсететiн қызметтерге тарифтердi Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң аумақтық органдары белгiлейдi; Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi - табиғи монополияшыларының мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлмеген, коммуналдық меншiкке жатпайтын ұйымдар көрсететiн қызметтерге тарифтер - қызмет көрсететiн ұйым және тұрғын үй меншiк иелерiмен немесе олардың бiрлестiгi арасында жасасылған шарттар бойынша айқындалады. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес монополияшылар деп танылған, коммуналдық қызметтер көрсететiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметтерiн реттеу - монополияға қарсы заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 2. Коммуналдық қызмет көрсетулерге арналған тарифтерге өзгерту, тоқсанына 1 реттен жиi емес, тоқсан басында 1-шi күннен бастап жүргiзiледi; коммуналдық қызмет көрсетулерге арналған тарифтердi қайта қараған кезде оның ұсынылатын деңгейiмен бұқараны таныстырады және тариф қолданысқа енгiзiлместен 15 күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады; тұрғын үй меншiк иелерiнен алынатын коммуналдық қызмет көрсетулер үшiн төлемақы мөлшерi бекітілген тарифтер мен есептегiш құралдардың көрсеткiштерi бойынша, оларды нақты тұтынуына орай, ал есептегiш құралдары болмаған жағдайларда - қолданылып жүрген тәртiпке сәйкес белгiленген, тұтыну нормаларына қарай айқындалады деп белгiленсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің мiндетiн атқарушы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |