Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау мекемелері мен ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы № 325 бұйрығымен күші жойылды 1. "Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау мекемелері мен органдарының басшыларының сенімхаттарды және қарттар мен мүгедектер үйлерінің директорларының, бас дәрігерлерінің өсиеттерді куәландыру тәртібі туралы" осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) лауазымды адамдардың нотариаттық түрде куәландырылғандарға теңестірілген сенімхаттар мен өсиеттерді куәландыру тәртібі мен ережелерін айқындайды. 2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 167-бабына, Қазақ ССР Азаматтық кодексінің 538-бабына және Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" Заңының 37-бабына сәйкес нотариалдық куәландырылған құжаттарға теңестірілетіндер: 1) халықты әлеуметтік қорғау мекемелерінде тұрып жатқан кәмелетке толған жастағы әрекет қабілеттілігі бар азаматтардың осы мекемелердің немесе халықты әлеуметтік қорғаудың тиісті органының басшылары куәландырған сенімхаттары; 2) қарттар мен мүгедектер үйінде тұрып жатқан азаматтардың олардың директорларымен немесе бас дәрігерлерімен куәландырылатын өсиеттері. 3. Осы Нұсқаулықта қолданылған негізгі терминдер мен анықтамалар: 1) ӨСИЕТ - қайтыс бола қалған жағдайда азаматтың өзіне тиісті мүлікті тағайындаған мұрагеріне заңда көрсетілген үлгіде беруі жөніндегі өкімі; 2) ӨСИЕТ ҚАЛДЫРУШЫ - өзіне тиісті мүлікті өлген жағдайда мұрагеріне беру туралы өкім беруші адам; 3) СЕНІМХАТ - бір адамның (сенім білдіруші) өз атынан іс-әрекет жасау үшін екінші бір адамға (сенім білдірілген адамға) жазбаша сенім білдіруі; 4) СЕНІМ БІЛДІРУШІ - өз атынан сенімхат беруші адам; 5) СЕНІМ БІЛДІРІЛГЕН АДАМ - сенім білдірушінің мүддесін білдіруші адам; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|