Субъект қызметтерi қаржы-шаруашылық бухгалтерлiк есеп шотының Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 ж. 18 қыркүйектегі № 438 бұйрығына сәйкес 2003 ж. 1 қаңтарынан осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің 26.12.95 ж. № 2732 Заң күшi бар Бухгалтерлiк есеп туралы" Жарлығы негiзiнде Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөніндегі ұлттық комиссиясы қаулы етедi: I. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасының субъектi қызметтерi қаржы-шаруашылық бухгалтерлiк есеп шотының* Бас жоспары (Қазақстан Республикасы Президентінің 26.12.95 ж. № 2732 Заң күшi бар "Бухгалтерлiк есеп туралы" Жарлығына сәйкес) банктер мен бюджеттік ұйымдардан басқалары). Ескерту: Одан әрі - Бас жоспар II. Бас жоспар 01.01.97 ж. бастап әрекетке енгiзiлсiн. III. Былайша белгiленсiн: 1. Бас жоспар он тараудан құралады, олардың оныншысы баланстан тысқары есепке арналады. 2. Тоғызыншы тарау шаруашылық субъект операцияларының өнеркәсiптiк есеп шотын көрсетуге арналған. 3. Бас жоспар шоттарына субъект шоттарын қаржы есептемесiн айқындау бойынша (түр мерзiмi бойынша) талаптарға, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметтiң мөлшерi мен түрiне сәйкес субъектiлердiң өздерi ашады. IV. Қазақстан Республикасы Бухгалтерлiк есеп жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесi Д.Ж.Айтхожина Бас жоспарға Нұсқау даярлау және соларға бухгалтерлiк есептiң регистрлерiн өтеу жөнiнде Қазақстан Республикасы Бухгалтерлiк есеп жөніндегі ұлттық комиссияның мамандарынан, ғалымдардан, шетел кеңесшiлерiнен құралған жұмысшы тобын құру бойынша енгiзсiн. V. Жұмысшы тобы мыналарды бекіту ұсынсын: 1. Бас жоспардың Нұсқауын 16.12.96 ж. дейiн. 2. Бухгалтерлiк есеп регистрлерi 31.12.96 ж. дейiн. VI. Бухгалтерлiк есеп концепциясын дамыту және жалпы стандарт жөніндегі басқарманың бастығы К.К.Кинхузова 02.12.96 ж. дейiн қолданыстағы Кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметтерiнiң бухгалтерлiк есеп шоттарының жоспарын Бас жоспарға ауыстыру кестесiн қарауға даярласын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|