<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

Қазақстан Республикасы Президентінің «Лицензиялау туралы» Заң күші бар Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі № 280-1 Заңы

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" Заң
күшi бар Жарлығына өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi № 280-1 Заңы

Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат, № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

9-баптың 1-тармағында:

28) тармақшада "өсiмдiк пен шөптiң" деген сөздердiң алдынан "есiрткi және психотроптық заттары жоқ" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 43) тармақшамен толықтырылсын:

"43) есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет:

әзiрлеу, өндiру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою;

құрамында есiрткi және психотроптық заттар бар өсiмдiктер мен шөптердi өсiру, жинау, дайындау."

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

 

Н. Назарбаев