| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі үкiметаралық комиссиялардың Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 ж. 29 мамырдағы № 594 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Үкiметаралық комиссиялардың (кеңестердiң) Қазақстан жағының: Дүйсенов Д.Т. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары: Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 тамыздағы № 980 қаулысымен бекітілген Г.Г.Штойкты босата отырып, Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-герман кеңесiнiң; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 12 наурыздағы № 303 қаулысымен бекітілген Г.Г.Штойкты босата отырып, экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-француз жұмыс тобының; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 8 ақпандағы № 137 қаулысымен бекітілген Г.Г.Штойкты босата отырып, сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-қытай комиссиясының; Коржова Н.А. - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 тамыздағы № 980 қаулысымен бекітілген П.И.Крепакты босата отырып, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-монғол комиссиясының; Қажыбаев А.Қ. - Өнеркәсiп және сауда министрiнiң орынбасары Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлігінiң жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитеттiң төрағасы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 тамыздағы № 980 қаулысымен бекітілген А.Ж.Жұмабаевты босата отырып, сауда-экономикалық байланыстар мен ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-румын комиссиясының; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 тамыздағы № 980 қаулысымен бекітілген А.Ж.Жұмабаевты босата отырып, сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-болгар комиссиясының; Оспанов Х.А. - Өнеркәсiп және сауда министрi - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 4 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген Е.Ә.Өтембаевты босата отырып, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-оңтүстiк корея комиссиясының төрағалары болып бекітілсiн. 2. Үкiметаралық комиссиялардың Қазақстан бөлiгi құрылсын және: Оспанов Х.А. - Өнеркәсiп және сауда министрi - Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-швейцар бiрлескен комитетiнiң; Қажыбаев А.Қ. - Өнеркәсiп және сауда министрiнiң орынбасары, Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлігінiң жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитеттiң төрағасы - сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-словак аралас комиссиясының төрағалары болып бекітілсiн. 3. "Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкiметаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 4 қаңтардағы № 14 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |