Түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесiнiң мекемелерi бастықтарының өсиеттер ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы № 325 бұйрығымен күші жойылды 1. "Түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесiнiң мекемелерi бастықтарының өсиеттер мен сенiмхаттарды куәландыру тәртібі туралы" осы Нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) нотариалдық түрде куәландырылған құжаттарға теңестiрiлген сенiмхаттар мен өсиеттердi лауазымды адамдардың куәландыру тәртібі мен ережелерiн айқындайды. 2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 167-бабына, Қазақ КСР Азаматтық кодексiнiң 538-бабына және Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" Заңының 37-бабына сәйкес түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi мекемелеріндегі адамдардың түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесiнiң бастықтары куәландырған өсиеттерi мен сенiмхаттары нотариалдық түрде куәландырылған құжаттарға теңестiрiледi. 3. Осы Нұсқаулықта қолданылған негiзгi терминдер мен анықтамалар: 1) ӨСИЕТ - қайтыс бола қалған жағдайда азаматтың өзiне тиiстi мүлiктi тағайындаған мұрагерiне заңда көзделген үлгiде беруi жөніндегі өкімі; 2) ӨСИЕТ ҚАЛДЫРУШЫ - өзiне тиiстi мүлiктi өлген жағдайда мұрагерiне беру туралы өкiм берушi адам; 3) СЕНIМХАТ - бiр адамның (сенiм бiлдiрушi) өз атынан iс-әрекет жасау үшiн екiншi бiр адамға (сенiм бiлдiрiлген адамға) жазбаша сенiм бiлдiруi; 4) СЕНIМ БIЛДIРУШI - өз атынан сенiмхат берушi адам; 5) СЕНIМ БIЛДIРIЛГЕН АДАМ - сенiм бiлдiрушiнiң мүддесiн бiлдiрушi адам; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|