Мемлекеттік нотариустардың техникалық сипаттағы ақылы қызмет ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы № 325 бұйрығымен күші жойылды Мемлекеттік нотариустардың техникалық сипаттағы ақылы қызмет көрсетулерінен түскен ақшаларды жинақтауда, жұмсауда және бөлуде қаржы тәртібін сақтау мақсатында бұйырамын: 1. Мемлекеттік нотариустардың техникалық сипаттағы ақылы қызмет көрсетулерінен түскен ақшаларды жинақтау мен жұмсау тәртібі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін. 2. 1997 жылғы 11 маусымдағы № 38 және 1997 жылғы 6 қазандағы № 82 Бұйрықтарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қоса алғанда, "Мемлекеттік нотариат кеңселері қызметкерлерінің ақылы қызмет көрсетулерінен алынатын ақша қаржыларын бөлу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Министрдің 1997 жылғы 13 мамырдағы № 260/24 Бұйрығының күші жойылған деп танылсын. Министр Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 21 мамыр № 58 бұйрығымен бекітілді Мемлекеттік нотариустардың техникалық сипаттағы ақылы қызмет көрсетулерінен түскен ақшаларды жинақтау мен жұмсау тәртібі туралы ЕРЕЖЕ 1. Осы Ереже мемлекеттік нотариустардың техникалық сипаттағы ақылы қызмет көрсетулерінен (бұдан әрі - "Ақылы қызмет") түскен ақшаларды жинақтау мен жұмсауды ретке келтіру тәртібін анықтайды. 2. Техникалық сипаттағы ақылы қызметтерге мыналар жатады: - нотариаттық іс-әрекеттер жасау жөнінде консультациялар беру; - мәмілелер мен басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу; - нотариустың тікелей қызметтік міндетіне кірмейтін, мемлекеттік баж салығы белгіленбеген өзге де қызметтерді көрсету. 3. Ақылы қызметтердің көрсетілгені үшін ақша аумақтық әділет органдары беретін, қатаң есепке алынатын құжаттар бойынша қабылданып, олардың арнайы шотына аударылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|