Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 1998 ж. 16 наурыздағы № 181 бұйрығымен Бекітілді ҚР Әділет министрлігінің 2005.05.08. № 214 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамасы 1. Сот сарапшысы біліктілігін беру Қазақстан Республикасының "Сот сараптамасы туралы" Заңының 15-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Біліктілік емтиханын тапсыру сот сараптамасы ісін жүргізуді іс жүргізу заңдары және сот сараптамасы аумағында қазіргі ғылыми жетістіктер талабына сәйкес жоғарғы кәсіби деңгейді қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Сот сарапшысының біліктілігінің болуы аттестациядан өту мен сот-сараптама қызметімен шұғылдану құқығына лицензия алудың міндетті негізі болып табылады. 2. Сот сарапшысының біліктілігі сарапшылық мамандықтардың тізбесіне сәйкес сарапшылық мамандықтар бойынша беріледі. 3. Сот сарапшысының біліктілігі сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын адамдарға да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы "Сот сараптамасы туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының талаптарын орындайтын және сарапшыларды дайындаудың типтік бағдарламалары негізінде сот сараптамасы аумағында тиісті дайындықтан өткеннен басқа да адамдарға беріледі. Арнайы ғылыми білім-біліктің қажетті көлемін игеру Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамасы орталығы базасында оқу немесе жеке өз бетімен дайындалу негізінде жүзеге асырылады. ҚР Әділет министрінің 03.04.02 ж. № 185 бұйрығына сәйкес 4-тармаққа өзгерістер енгізілді 4. Сот сарапшысы біліктілігін Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамасы орталығы жанындағы біліктілік комиссиясы береді. Біліктілік комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығы директорының ұсынысымен бекітіледі. 5. Біліктілік комиссиясының қызметі мен материалды ресімдеу тәртібі "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы жанындағы біліктілік комиссиясы қызметінің тәртібі туралы" Нұсқауына сәйкес жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|