|
|
|
Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тiлдiң қолданылу аясын кеңейту туралы (2005.28.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 1207 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының 4-бабына сәйкес мемлекеттік органдарда мемлекеттік тiлдiң қолданылу аясын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Орталық атқару органдары, барлық деңгейдегi әкiмдер: 1) «Қазақстан Республикасында тiл туралы» Заңның 23-бабына сәйкес, мемлекеттік iстiң барлық салаларында мемлекеттік тiлдiң белсендi қолданылуы үшiн басым жағдай жасау қажеттiгiн ескере отырып, мемлекеттік органдарында iс қағаздарын кезең-кезеңiмен қазақ тіліне көшiруге байланысты iс шаралар жоспарын жасап, жүзеге асырсын; 2) iс қағаздарын жүргiзу және ресми құжаттар әзiрлеуге қатысты құрылымдар мамандарының мемлекеттік тiлдi бiлуi мен оны мемлекет қаржысының есебiнен оқып-үйренуi кәсiби біліктілік талаптары қатарына жатқызылсын; 3) 1998 жылдың 1 қазанына дейiн жоғарғы ұйымдармен қызметтiк хат-хабар, ақпарат алмасуды, статистикалық және қаржылық есептер жасасуды, сондай-ақ есептiң басқа да түрлерiн мемлекеттік тiлде қосымша қаржысыз қамтамасыз ете алатын мүмкiншiлiктерi бар облыстар мен аудандарды анықтасын және оларда мемлекеттік тiлде iс қағаздарын жүргiзуге қолайлы жағдай туғызсын. Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік тiлде тапсырылған құжаттарды, есептер мен ақпараттарды қабылдамай қайтару жағдайын болғызбасын; 4) министрлiктер мен басқа да орталық атқару органдарының орталық аппараттарында iшкi мүмкiншiлiктер есебiнен мемлекеттік тiлдi iс қағаздарына енгізу жөнiнде құрылымдық бөлiмшелер құруды толық шешсiн. Мемлекеттік ұйымдардың, кәсiпорындар мен мекемелердiң штат кестелерiне қазақ тілінде iс жүргiзушiлер мен аудармашылардың лауазымдарын енгiзсiн; 5) орталық атқарушы органдар қабылдайтын шешiмдерiнiң мемлекеттік тiлде шығарылуын қамтамасыз етсiн; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi министрлiктер мен басқа да орталық атқару органдарынан келiп түскен мемлекеттік тiлдегi құжаттардың сапасын оқтын-оқтын сараптан өткiзiп, оны жақсарту жөнiнде Үкiмет қарауына ұсыныстар енгiзiп отыратын болсын; 6) жұртшылықтың тiлдiк қажеттіліктерiн өтеу және тiларалық салада азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң, Сыртқы iстер министрлігінiң және Iшкi iстер министрлігінiң тиiстi органдарында мемлекеттік аударма қызметiн құру мәселесi шешiлсiн; 7) барлық мемлекеттік органдардың мөрлерi мен мөртабандары, бланкiлерi, маңдайша жазулары мен басқа да деректемелерi, көрнекi ақпараттары «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес рәсiмделуi қатаң қадағалансын; 8) орталық атқару органдары 1999 жылдың 1 қаңтарына дейiн өздерiнiң ресми шараларын, алқа мәжілістерi мен түрлi жиындарын өткiзетiн залдарын iлеспе аударма жасауға қажеттi техникалық құрал-жабдықтармен, мамандармен қамтамасыз етсiн. 2. Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі мемлекеттік тiлдi үйрету мен iс қағаздарына енгізудiң кешендi компьютерлiк бағдарламаларын әзiрлеп, жүзеге асырсын. 3. Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі 1998-1999 оқу жылынан бастап жоғары және арнайы оқу орындарының бағдарламаларына «Қазақ тілінде iс қағаздарын жүргiзу» арнайы курсын енгiзсiн. ҚР Үкіметінің 1999.08.01 № 16 қаулысымен 4-тармақ өзгертілдi 4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі: 1) Қазақстан Республикасы Парламентiне ұсынылатын заң жобаларының мемлекеттік тiлде сапалы әзiрленуiн қамтамасыз етсiн; 2) үш ай мерзiм iшiнде Тiлдер туралы заңдарды сақтауды бақылаудың тәртібі жөнiнде ереженi әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына ұсынсын. 5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі: 1) көлiк, сауда және байланыс салаларын мемлекеттік тiлдегi сапалы анықтама-ақпараттармен қамтамасыз етсiн; 2) облыс орталықтарындағы, қалалар мен аудандардағы, кенттер мен селолардағы жұртшылыққа қызмет ететiн байланыс тораптарын қазақ қарпiлi аппараттармен, сондай-ақ қазақ тілінде қызмет жасай алатын кадрлармен қамтамасыз етсiн. 6. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңның 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерiнiң қызметiнде, екi жақты халықаралық шарттар жасау, басқа да мемлекетаралық шаралар өткізу кезiнде мемлекеттік тiлдiң белсендi қолданылуын жүзеге асырсын. ҚР Үкіметінің 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулысымен 7-тармақ өзгертілдi 7. Осы қаулының жүзеге асырылуына министрлiктердiң, басқа да орталық атқару органдарының бiрiншi басшылары мен барлық деңгейдегi әкiмдер тiкелей жауапты. Оны үйлестiру мен бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне жүктелсiн. Аталмыш Министрлiк қаулының орындалуы жөнiнде жыл сайын 1 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат берiп отыратын болсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |