Қазақстан Республикасында өндірілген және әкелінген бензин мен дизель Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 29 қарашадағы № 421 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 ж. 15 шілде № 324 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өндірілген және әкелінген бензин мен дизель отынының алымын Жол қорына есептеудің және төлеудің тәртібі мен ережелері туралы НҰСҚАУЛЫҚ Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар "Жол қоры туралы" Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар "Жол қоры туралы" Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 8 маусымдағы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында өндірілген және Қазақстан Республикасына әкелінген бензин мен дизель отынынан алынатын алымды Жол қорына есептеудің және төлеудің мынадай тәртібі белгіленді. Бензин мен дизель отынынан алым төлеушілер: Қазақстан Республикасының аумағындағы өндірілген бензин мен дизель отынын оларды өндірушілерден сатып алуды жүзеге асырушы; дизель шикізатын бензин мен дизель отынын өндіру үшін тапсырушы; Қазақстан Республикасының аумағына бензин мен дизель отынын импорттаушы - заңды және жеке тұлғалар болып табылады. Бензин мен дизель отынының алымы теңгемен төленеді. Бензин мен дизель отынының алымын: өндіруші - оларды сатып алушыға босатқан кезден (экспорттық жөнелтулерді қоспағанда), ал алыс-беріс шикізатынан өндірген жағдайда - оларды тапсырып беру сәтінде; кеден қызметінің органдары - Қазақстан Республикасының аумағына оларды әкелген кезде, - ұстап қалады. 1998 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының аумағына импортталған бензин мен дизель отыны алымының ставкасы мынадай мөлшерде белгіленеді: бензин жөнінде (авиациялықты қоспағанда) - бір метрлік тонна үшін 4000 теңге; дизель отыны жөнінде - бір метрлік тонна үшін 3490 теңге. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|