|
|
|
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдаудың кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі № 665 қаулысында (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 17, 152-құжат): 2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен несиелендіру бағдарламаларына қатысу". 2. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 4 сәуірдегі № 297 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 4. Ведомствоаралық комиссия "1997/98 жылғы егіннің астығын сатып алуды ұйымдастырудың тәртібін" әзірлеп, бекітсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |