|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 30 шiлдедегi № 949
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі № 806 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: "Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 30 шiлдедегi № 949 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 32, 299-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: Аталған қаулымен бекітілген Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы туралы Ереженiң 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "5. Мемлекеттік сыйлық екi жылда бiр рет 10 атауда берiледi"; Аталған қаулымен бекітілген Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі Комиссия туралы Ереженiң 5-тармағының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "5. Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды Комиссия екi кезеңде қарайды. Бiрiншi кезеңде сыйлықтар алу конкурсына қатысатын жұмыстар iрiктеледi, екiншi кезеңде - Төралқа үш секцияның бiрлескен мәжілісiнде әрқайсысымен сыйлық беру туралы шешiм қабылдайды". Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |