|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы N
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында этил спирті мен арақ импортын лицензиялау туралы" 1997 жылғы 27 маусымдағы № 1031 қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 29, 263-құжат): тақырыбындағы, мәтініндегі "арақ", "арақты", "арақтың" деген сөздер "алкогольді өнімдер (сырадан басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта: бірінші абзацтағы "сатудың" деген сөз "өндірудің" деген сөзбен ауыстырылсын; екінші абзацтағы "Қаржы министрлігі" деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында этил спирті мен арақтың импортын лицензиялаудың тәртібі туралы ережеде: тақырыбындағы, мәтініндегі "арақтың" деген сөз "алкогольді өнімнің (сырадан басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтың екінші абзацындағы "Экономика және сауда министрлігі" деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкогольді өнімді өндіру мен олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтың бірінші абзацында: в)-тармақшасының үшінші абзацындағы "(патент)" деген сөз алынып тасталсын; д)-тармақшасындағы "өндірісіне" деген сөзден кейін "немесе этил спиртін сақтауға және сатуға" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы ж)-тармақшасымен толықтырылсын: "ж) алкогольді өнімнің импорты кезінде алкогольді өнімді (сырадан басқа) сақтауға және көтерме сатуға арналған лицензиясы."; екінші абзацтағы "в", "д"-тармақшаларындағы" деген сөздерден кейін "ж" әрпімен толықтырылсын; 5-тармақтың екінші абзацындағы "кешікпей" деген сөзден кейін "ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - он күндік мерзімнен кешікпей" деген сөздермен толықтырылсын; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат): 2,3,4-тармақтардағы "арақтардың" деген сөз "алкогольді өнімдердің (сырадан басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 5-қосымшада: "Этил спирті 220710000, 220720000, 220890910, 220890990" және "Арақ 220860110, 220860190, 220860910, 220860990" деген жолдар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "Шарап 2204, 2205, 2206 Этил спирті 2207 Толық бабына келтірілмеген, спиртінің көлемі 80 об.%-тен төмен этил спирті; спиртті тұнбалар, ликерлер және басқа да спиртті ішімдіктер 2208". 2. Осы қаулы 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |