|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 ҚР Үкіметінiң 2003 ж. 25 ақпандағы № 202 Қаулысымен осы Қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) "Жандосов Ораз Әлиұлы - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, Кеңес басшысының орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Жандосов Ораз Әлиұлы - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Кеңес басшысының орынбасары"; 2) "Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім бойынша)"; 3) Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамына: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрі Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы енгізілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |