Қазақстан Республикасы Конституциясы 13-бабының 2-тармағына, 14-бабының 1-тармағына,
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі құрамында Кеңес Төрағасы Ю.А. Ким, Кеңес мүшелері Н.І. Өкеев, Ж.Д. Бұсырманов, О.Қ. Ықсанов, В.В. Мамонов, С.Ғ. Темірболатов, В.Д. Шопин қатысқан, өтінім субъектісінің өкілі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Заңдар және сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлім меңгерушісі Т.С. Донақовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығы 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы негізінде өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Конституциясы 13-бабының 2-тармағына, 14-бабының 1-тармағына, 76-бабының 2-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінімін қарады. Баяндамашы - Конституциялық Кеңестің мүшесі В.Д. Шопиннің хабарламасын, конституциялық іс жүргізуге қатысушы - Қазақстан Республикасы Президентінің өкілі Т.С. Донақовтың сөйлеген сөзін тыңдап, конституциялық өндіріс материалдарын зерделей келіп, Конституциялық Кеңес мынаны анықтады: 1999 жылғы 4 наурызда Конституциялық Кеңеске Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Конституциясы 13-бабының 2-тармағына, 14-бабының 1-тармағына, 76-бабының 2-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінімі келіп түсті. Өтінімде осы көрсетілген конституциялық нормалар бойынша қызметінен босатылған Қазақстан Республикасының судьялары оларды атқарып отырған қызметінен босату туралы тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қаулыларына сотқа шағынуға құқығы бар ма деген мәселе қойылған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|