Авторлық құқық және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 146 бұйрығына сәйкес осы бұйрықтың күші жойылды "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 3-бабы 3-бөлігіндегі 3-тармақта берілген өкілеттіктерге сәйкес бұйырамын: 1. Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу Ережелері бекітілсін (қоса берілген). 2. Авторлық құқықтар жөніндегі агенттіктің қызметіне жетекшілік ететін Вице министр, Агенттік директоры: - Ережелерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте тіркеуді жүзеге асырсын; - тіркелген Ережелерді барлық мүдделі шығармашылық қызметкерлерге, олардың ерікті қоғамдық бірлестіктері мен одақтарына, министрліктер мен ведомстволарға дейін жеткізсін; - авторлық құқық және сабақтас құқықтардың объектілерін тіркеу жөніндегі қызметті ұйымдастыру кезінде осы Ережелерді қатаң басшылыққа алсын. 3. Бақылау жасау Вице-министр Е.Ә.Әбітаевқа жүктелсін. Министр 1. Қазақстан Республикасы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Заңының 9-шы бабына сәйкес ғылым, әдебиет және өнер туындыларының мемлекеттік тіркеуін Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Авторлық құқықтар жөніндегі агенттігі жүргізеді. 2. Мемлекеттік тіркеудің мақсаты жарияланған немесе жарияланбаған туындылардың авторлығына куәлік ету, туындының жарияланғанын дәлелдеп, оның уақытын көрсету, немесе Заңның 9-шы бабына сәйкес туынды авторының иелік құқығына қатысты шарттарды растау. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|