|
|
|
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
1-бап. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат) мынадай өзгеріc пен толықтырулар енгізілсін: 1) 2-бапта: үшінші абзац "тұрғын үй, пәтер" деген сөздерден кейін үтір қойылып, "жатақханадағы бөлме" деген сөздермен толықтырылсын; жетінші абзац "студенттер" деген сөзден кейін "(курсанттар, аспиранттар)" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 13-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "5. Мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды оларда тұрақты тұратын азаматтар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жекешелендіруі мүмкін. Бұл орайда жалпы пайдаланудағы тұрғын емес үй-жайлар және үйдің бөлек (жеке) меншіктегі емес және ортақ мүлік болып табылатын өзге бөліктері барлық меншік иелерінің ортақ меншігіне өтеді. Аталған тұрғын үй-жай берілген азамат қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы, егер қайтыс болған адамның бұған құқығы болған болса, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді. Мерзімді еңбек шарты (келісім-шарт) бойынша жұмыс істейтін адамдарға, оқу кезеңінде студенттерге (курсанттарға, аспиранттарға) және оқушыларға берілген жатын орындық үлгідегі, сондай-ақ бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайлар жекешелендіруге жатпайды."; 3) 32-баптың 3-тармағы "тұрғын үйді" деген сөздерден кейін "не мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды" деген сөздермен толықтырылсын; 4) 98-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: "Мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды жекешелендіру ерекшеліктері осы Заңның 13-бабына сәйкес белгіленеді."; 5) 112-баптың бірінші бөлігі "курсанттар" деген сөзден кейін ", аспиранттар" деген сөзбен толықтырылсын; 6) 114-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: "Осы ереже еңбек шарты (келісім-шарт) немесе жергілікті атқарушы органдардың және кәсіпорындар (мекемелер) әкімшіліктерінің өзге де шешімдері негізінде мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларда тұру құқығын алған адамдарға, сондай-ақ қоныстанған кезінен бастап осы Заң күшіне енгенге дейін іс жүзінде тұрып жатқан басқа да адамдарға қолданылмайды.". 2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап күшіне енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |