|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1119 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаменті" бөлімі мен реттік нөмірі 408-жол алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 25-7-жолмен толықтырылсын: "25-7 "Есеп" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы"; 2) ҚР Үкіметінің 23.07.99 ж. № 1046 қаулысымен күші жойылды 3) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 наурыздағы № 207 қаулысына: аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымына: "Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаменті" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы басқармасы"; "Персоналмен жұмыс істеу жөніндегі басқарма" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Кадр және ұйымдастыру жұмысы департаменті"; аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Есеп" республикалық мемлекеттік кәсіпорны". 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 тамыздағы № 1279 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 40, 372-құжат) күшін жойды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |