|
|
|
Шетелдік кредиторлардың алдындағы берешектердiң проблемасын шешу Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен шаруашылық жүргізушi субъектiлерiнiң шетелдiк кредиторлардың алдындағы берешектерi проблемасын шешу жөніндегі ұсыныстарды пысықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 12.10.99 ж. № 1548 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді. ҚР Үкіметінің 28.12.99 ж. № 2005 қаулысымен 1,2,3,4-тармақтардың күші жойылды 5. Қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың штат санының лимитiн қысқартудың есебiнен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі штат санының лимитi 10 адамға көбейтiлсiн. 6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі: бiр апта мерзiмде Министрлiктiң құрылымында штат саны 10 адам қазақстандық кәсiпорындардың (ұйымдардың) шетелдiк кредиторлардың алдындағы берешектерi проблемаларын қарау жөнiнде бөлiмше құрсын; бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн. 7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрi О.Ә.Жандосовқа жүктелсiн. 8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі № 913 қаулысына қосымша Штат санының лимиті қысқаратын және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне берілетін мемлекеттік органдардың Тізбесі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |