|
|
|
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары 1999 жылдың 15 тамызына дейiн мерзiмде кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттік реттеу және бақылау функцияларын жеке және мемлекеттік кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын адамдарға берудi көздейтiн өздерiнiң нормативтiк құқықтық актілерінiң күшiн жойсын. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі заңдарда белгiленген тәртiппен жеке және мемлекеттік кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын адамдардың кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттік реттеу және бақылау функцияларын заңға қайшы жүргiзуiне байланысты, олардан алынатын қаражаты мемлекеттік бюджетке алу жөнiнде шаралар қолдансын. 3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекенi қорғау жөніндегі агенттiгiмен бiрлесiп: 1) 1999 жылдың 15 қарашасына дейiн Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының ведомстволық қарауындағы барлық ұйымдардың құрылтайшылық құжаттарының осы қаулының талаптарына сәйкестiгiне құқықтық сараптама жүргiзсiн; 2) тексерудiң нәтижесi бойынша заңдарда белгiленген шараларды қолдансын және атқарылған жұмыстың қорытындысы туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне баяндасын; 3) Қазақстан Республикасының басқа мүдделi мемлекеттік органдарының қатысуымен барлық мемлекеттік органдарға жеке және мемлекеттік кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын тұлғаларға кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттік реттеу және бақылау функцияларын беруге тыйым салуды көздейтiн Қазақстан Республикасының заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнiнде Қазақстан Республикасының Yкіметіне заңдарда белгiленген тәртiппен ұсыныс енгiзсiн. 4. Осы қаулының қосымшасында көрсетiлген уәкiлеттi органдар республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың құрылтайшылық құжаттарын (қосымшаға сәйкес) осы қаулының талаптарына сәйкестендiрсiн. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Ораз Әлиұлы Жандосовқа жүктелсiн. 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 тамыздағы № 1225 қаулысына қосымша Уәкiлеттi мемлекеттік органдар құрылтайшылық құжаттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiруi тиiс республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың Тізбесі Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі: Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы РМК "Мемсәулетқұрылысинспекциясы" еншiлес кәсiпорындарымен; "Метрология" РМК; "Қазақстан стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы" РМК; "Алкоголь өнiмдерiн өндiрушiлердi мемлекеттік зерттеу орталығы" РМК; "Қазсертико" мемлекеттік ғылыми-практикалық орталығы РМК; Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі: "Күзет" РМК; "Арнайы полиция" РМК; Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі: Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы Мемлекеттік орман шаруашылықтары кәсiпорындары (Орман шаруашылықтары) РМК; Мал дәрiгерлiк қадағалау комитетiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындары РМК; Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі: "Өрт қауiпсiздiгi мен азаматтық қорғаныстың арнайы ғылыми-зерттеу орталығы" РМК; "Өрт сөндiрушi" РМК; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі: "Қазалкоорталық" РМК
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |