|
|
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері ҚР Үкіметінің 2002 ж. 11 қыркүйектегі № 993 қаулысымен осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымы қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына үш, оның ішінде бір бірінші орынбасары болуға рұқсат етілсін. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасының, 2-тармағының күші жойылды деп танылсын. 4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережеге қажетті өзгерістерді Қазақстан Республикасының Үкіметіне екі апта мерзім ішінде бекітуге енгізсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 1645 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымы Басшылық Премьер-Министрдің Хатшылығы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігі Заң бөлімі Аймақтық даму бөлімі Экономикалық бөлім Өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімі Жиынтық талдау бөлімі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі Сыртқы байланыстар бөлімі Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі Кадр жұмысы бөлімі Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Қаржы-шаруашылық бөлімі Министр - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының Хатшылығы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің Хатшылығы ЕСКЕРТУ. Құрылым өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.08. № 1878 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. Құрылым өзгерді- ҚР Үкіметінің 2000.05.15. № 708a қаулысымен. ЕСКЕРТУ. Құрылым өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2000.06.29. № 971 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. Құрылым жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.01.17. № 58 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. Құрылым өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2002.01.31. № 145 қаулысымен.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |