|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 ҚР Үкіметінің 2002 ж. 11 қыркүйектегі № 993 қаулысымен осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережедегі: 18-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Премьер-Министр Кеңсесінің мына қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады: 1) Кеңсе Басшысының орынбасарлары; 2) құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері; 3) Премьер-Министрдің көмекшілері мен кеңесшілері; 4) құрылымдық бөлімше жетекшілерінің орынбасарлары; 5) бас инспекторлары. Премьер-Министр Кеңсесінің басқа қызметкерлерін Кеңсенің Басшысы заңдарға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады."; 20-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |