|
|
|
Базалық лауазымдық жалақының мөлшерiн бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 1359 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы» 1997 жылғы 1 сәуiрдегі № 3436 Жарлығының 4-тармағының 1) тармақшасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап коэффициенттердi қолдана отырып лауазымдық жалақыларды есептеу үшiн базалық лауазымдық жалақының мөлшерi 2000 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгі кезеңге 4600 теңге деңгейiнде бекітілсiн. 2. Мыналар: саяси мемлекеттік қызметкерлердiң, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының, маслихаттардың тұрақты (тексеру) комиссияларының хатшылары мен төрағаларының лауазымдық жалақысы атқаратын лауазымы мен мемлекеттік қызмет (жұмыс) стажына байланысты олардың лауазымдық жалақысы мен сауықтыруға арналған жәрдемақыларды есептеу үшiн бекітілген тиiстi коэффиценттердi базалық лауазымдық жалақының мөлшерiне көбейту жолымен айқындалады; әкiмшiлiк мемлекеттік қызметшілердiң лауазымдық жалақысы атқаратын лауазымын әкiмшiлiк мемлекеттік лауазымдар санатының топтарына жатқызуға және мемлекеттік қызмет стажына байланысты олардың лауазымдық жалақысы мен сауықтыруға арналған жәрдемақыларды есептеу үшін бекітілген тиiстi коэффициенттердi базалық лауазымдық жалақының мөлшерiне көбейту жолымен айқындалады деп белгiленсiн. 3. Осы қаулы 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |