|
|
|
Астана қаласын дамытудың бас жоспары туралы Қазақстан ҚР Үкіметінің 15.08.01 ж. № 1064 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының астанасын кешенді дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Астана қаласының әкімі ұсынған, Сауд Арабиясы Корольдігінің "Сауди Бен Ладин Групп" компаниялар тобы әзірлеген Астана қаласын дамытудың бас жоспарының жобасы тұтастай алғанда бекітілсін. 2. ҚР Үкіметінің 25.03.01 ж. № 381 қаулысымен алынып тасталды 3. Астана қаласының әкімі Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігімен бірлесе отырып, белгіленген тәртіппен 2000 жылдың 15 мамырына дейін қала шекарасын өзгерту туралы ұсыныс әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін. 4. ҚР Үкіметінің 25.03.01 ж. № 381 қаулысымен алынып тасталды 5. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі және Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі 2000 жылға арналған республикалық бюджетте тиісті бағдарламалар бойынша көзделген қаражаттың шегінде бас жоспар мен қала шегі жобасының пысықталмаған тауарларын орындауды жүзеге асырсын. 6. ҚР Үкіметінің 25.03.01 ж. № 381 қаулысымен алынып тасталды 7. "Целиноград қаласын дамытудың бас жоспары туралы" Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 17 тамыздағы № 332 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |