Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетi "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі заң күшi бар Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетi төрағасының 1999 жылғы 23 сәуірдегі № 66 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу ережесiнде: 11-тармағының екiншi абзацындағы "апта сайын" деген сөздер "Комитеттiң бекiткен кестесi бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын; 16-тармағындағы "апта сайын" деген сөздер "Комитеттiң бекiткен кестесi бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын; 24-тармағының үшiншi абзацындағы "өзгерістер мен толықтырулар енгізу" деген сөздер "енгiзiлген өзгерістер мен толықтыруларды тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын; 25-тармағының екiншi абзацындағы "өзгерістер мен толықтырулар енгізу" деген сөздер "енгiзiлген өзгерістер мен толықтыруларды тiркеу," деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 25-1-тармағымен толықтырылсын: "25-1. Заңды тұлғаның тұрған жерi бiр облыстың (Астана және Алматы қалаларының) аумағы iшiнде өзгерген жағдайда тiркеушi орган: құрылтай құжаттарға енгiзiлген өзгерістердi тiркеу, қайта дайындалған мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк беру және бұрынғы куәлiктiң күшiн жою туралы бұйрық шығарады; Регистрге, сонымен қатар электронды деректер банкiсiне заңды тұлғаның тұрған жерiнiң өзгергенi жөніндегі мәлiметтердi енгiзедi; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|