Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқарамысының 2002 ж. 23 желтоқсандағы № 509 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарамасы қаулы етеді: 1. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекітілсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн. 2. Ереже күшiне енген күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Ломбардтың қаржы есебiн жасау және беру тәртібі туралы" ереже жөнiнде" 1997 жылғы 5 қарашадағы № 391 қаулысының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 5 қарашадағы № 391 қаулысымен бекітілген "Ломбардтың қаржы есебiн жасау және беру тәртібі туралы" ереженiң күшi жойылды деп танылсын. 3. Банктердi қадағалау департаментi (Жұмағұлов Б.Қ.): 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын. 2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеуші есебін жасау және ұсыну ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|