Кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық және реттеушi есебiн жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқарамасының 2002 ж. 23 желтоқсандағы № 508 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасында кредиттiк серiктестiктер қызметiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесi бекітілсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн. 2. Заң департаментi (Шәрiпов С.Б.) Банктердi қадағалау департаментiмен (Жұмағұлов Б.Қ.) бiрлесiп осы қаулыны және Кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын. 3. Банктердi қадағалау департаментi (Жұмағұлов Б Қ.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және кредиттiк серiктестiктерге жiберсiн. 4. Ақпарат технологиясы департаментi (Поликарпов О.Ю.) Кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық және реттеушi есебiнiң мәлiметтерiн беру нобайын және олардың жиынтық есебiн жинау, өңдеу және қалыптастыру үшiн қажеттi бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлесiн. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсiн. Ұлттық Банк Төрағасы "Келісілген" Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 1999 жылғы Қаржы министрлігі 25 желтоқсандағы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|