|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы N Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 17 маусымдағы № 796 "Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын ғимараттар мен қызметтiк үй-жайларды бөлу туралы" қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізiлсiн: көрсетiлген қаулының қосымшасында: реттiк нөмiрi 28-жолдағы, 4-бағандағы "Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң резервi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгінiң Салық полициясы комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 29-жолдағы, 4-бағандағы "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң резервi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Салық полициясы комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 31-жолмен толықтырылсын: "31. Әкiмшiлiк ғимараты, 1846,7 Қазақстан Республикасы Абай көшесi, 50. Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Салық полициясы комитетi." 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |