|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 ҚР Үкіметінің 01.06.04 ж. № 604 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мұражайының және "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығының қызметiн ұйымдастырушылық және қаржылық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң штат саны лимиттерiнде: 6 "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" деген бөлiмде: 1) мынадай мазмұндағы: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұражайы 350" деген жолмен толықтырылсын; 2) "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы 40" деген жол алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |