|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 25 мамырдағы № 793 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер 1. ҚР Үкіметінің 15.02.01 ж. № 232 қаулысымен 1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.11.02 ж. № 1173 қаулысымен 2-тармақ күшін жойды 2. "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1693 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 50, 489-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ережеде: 6-тармақтағы "Карл Маркс көшесi, 81" деген сөздер "Қ. Сәтпаев көшесi, 1" деген сөзбен ауыстырылсын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi мен оның қарауындағы жекеленген ұйымдардың мәселелерi туралы" 2000 жылғы 10 ақпандағы № 198 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 74-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi туралы ережеде: 6-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "475000 Көкшетау қаласы, Қ. Сәтпаев көшесi, 1" ҚР Үкіметінің 06.11.02 ж. № 1173 қаулысымен 4-тармақ күшін жойды 4. "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Қоршаған ортаны қорғау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 17 ақпандағы № 260 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 9-10, 100-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Қоршаған ортаны қорғау комитетi туралы ережеде: 6-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын; "475000 Көкшетау қаласы, Қ. Сәтпаев көшесi, 1" ҚР Үкіметінің 28.11.02 ж. № 1267 қаулысымен 5-тармақтың күші жойылды 5. "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетiнiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 2 наурыздағы № 347 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетi туралы ережеде: 6-тармақтағы "Астана қаласы, Абай көшесi, 48" деген сөздер "475000 Көкшетау қаласы, Қ. Сәтпаев көшесi, 1" деген сөздермен ауыстырылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |