|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 сәуірдегі № 431 және 1999
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында темекі бұйымдарын өндірушілерге бірдей жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) "Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік алым таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 сәуірдегі № 431 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 130-құжат): көрсетілген қаулыға 3-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Отандық темекі бұйымдары (фильтрсіз сигареттер мен папиростарды қоспағанда)"; 2) "Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік алым таңбаларымен таңбалау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1251 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 42, 386-құжат;): көрсетілген қаулымен бекітілген Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік алым таңбаларымен таңбалау туралы ережеде: 2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "темекі бұйымдары (отандық өндірістің темекі бұйымдары: фильтрсіз сигареттер мен папиростарды қоспағанда)". 2. Осы қаулы 2000 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |