|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 маусымдағы №
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольдi өнiмдер (сырадан басқа) импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 27 маусымдағы № 1031 қаулысына (Қазақстан Республикасы Yкіметінiң ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 263-құжат): 1-тармақтағы "лицензиялау туралы ереже бекітілсiн" деген сөздер "лицензиялаудың тәртібі бекітілсiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеден комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген, Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольдi өнiмдер (сырадан басқа) импортын лицензиялаудың тәртібі туралы ережеде: мемлекеттік тiлдегi мәтiнi дұрыс жазылған; тақырыбындағы "тәртібі туралы ереже" деген сөздер "тәртібі" деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақтағы "Осы Ереже "деген сөздер "Осы Тәртiп" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы "Осы Ереженiң" деген сөздер "Осы Тәртiптiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтың е) тармақшасы алынып тасталсын; 6-тармақта: бiрiншi абзацтағы "тоғыз" деген сөз "алты" деген сөзбен ауыстырылсын; екiншi абзацтағы "Лицензия берiлген күннен бастап, бiр күнтiзбелiк жылдан аспайтын мерзiмге," деген сөздер "Лицензия берiлген күннен бастап, ол берiлген күнтiзбелiк жыл аяқталғанға дейiнгi кезеңге" деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "8. Лицензиар этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердiң (сырадан басқа) оларды Қазақстан Республикасында өндiрудiң жылдық көлемiнiң 20% деңгейіндегі импортына лицензиялар берудi жүзеге асырады". көрсетiлген Ережеге 1 және 2-қосымшалардағы "Экономика және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Алкогольдi өнiмдердiң өндiрiсi мен айналысын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жүмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат): 1-тармақтағы "тәртібі туралы ереже" деген сөздер "тәртібі" деген сөзбен ауыстырылсын; 2-тармақтағы "лицензиялау туралы ереже" деген сөздер "лицензиялаудың тәртібі" деген сөздермен ауыстырылсын; аталған қаулыға 1-қосымшада: тақырыбындағы "тәртібі туралы ереже" деген сөздер "тәртібі" деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақтағы "Осы Ереже" деген сөздер "Осы Тәртiп" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы "Осы Ереженiң" деген сөздер "Осы Тәртiптiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi мемлекеттік органдар" деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген ережеге 1 және 2-қосымшалардағы "Экономика және сауда министрлігі" деген сөздер "Лицензияны беретiн мемлекеттік органның атауы" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген ережеге 3 және 4-қосымшалардағы "Экономика және сауда министрлігі" деген сөздер "Лицензияны беретiн орган" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулыға 5-қосымшадағы: "Медициналық 284440 Ғылымминi-Ғылым мақсаттағы радиоактивтi академиясының Атом сәулелену көзi энергиясы жөніндегі агенттiгi" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Сусындарды өндiру 2106 90 Мемкірісминінің кезiнде пайдаланылатын 200 Алкогольді өнімдердің хош иiстi заттардың өндірісі мен айналымын негiзіндегі өнiмдерден мемлекеттік бақылау басқа, құрамдас спирттiк жөніндегі комитеті" жартылай фабрикаттар 2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап бір айдан кейін күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |