|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 367 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасында экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 54, 541-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының: экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты-импорты және транзиті мәселелері жөніндегі кіші комиссиясының құрамына: Шайманов Болат Елтайұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша); енгізілсін; "Ыбыраев Талғат Рысбекұлы - "Қазарнаулыэкспорт" РМК-ның бас директоры, экспорттық бақылауға жататын өнімнің эскпорты-импорты және транзиті мәселелері жөніндегі кіші комиссиясының хатшысы" деген жол алынып тасталсын; экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі кіші комиссиясының құрамына: Нефедов Петр Петрович - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, төраға болып енгізілсін; көрсетілген құрамнан Нұрбеков Қосбасар Болатбекұлы, Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |