|
|
|
"Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 наурыздағы № 288 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң гендiк қорын сақтау, дамыту және тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған "Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң жануарлар мен микроорганизмдердiң гендiк қорын сақтаудың, дамыту мен пайдаланудың 2001-2005 жылдарға арналған" республикалық мақсатты бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) және оны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі - Бағдарламаның ғылыми бөлiгiн мемлекеттік тапсырыс нысаны бойынша қаржыландыруды, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ауылдық тауар өндiрушiлерге сатылатын элиталық тұқымды, асыл тұқымды жануарларды, олардың эмбриондарын және ұрығын арзандатуды республикалық бюджетте отандық ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлердi субсидиялауға көзделген қаражат есебiнен қамтамасыз етсiн. 3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар гендiк қорды сақтау, элиталық тұқым шаруашылығы мен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруға жәрдем көрсетсiн. 4. Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы № 434 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетілген қаулымен бекітілген, Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың тізбесі мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын: "13. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің, жануарлар мен микроорганизмдердің 2001-2005 жылдарға арналған гендік қорын сақтау, дамыту мен пайдалану". 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі "Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң гендiк қорын сақтаудың, дамыту мен пайдаланудың 2001-2005 жылдарға арналған" бағдарламасының ПАСПОРТЫ Бағдарламаның атауы Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң, жануарлары мен микроорганизмдерiнiң гендiк қорын 2001-2005 жылдарға арналған сақтау, дамыту мен пайдалану Бағдарламаны әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасының Президентi негіздеме Н.Ә. Назарбаевтың агроөнеркәсiп кешенi қызметкерлерiнiң 2000 жылғы 8 ақпанда болған республикалық кеңесіндегі тапсырмасы. 2000 жылғы 8 ақпандағы № 17-13-/И-205 хаттамасының 4-тармағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мәжілісiнiң 2000 жылғы 28 наурыздағы № 8 хаттамалық шешiмiнiң 2-тармағы Бағдарламаның негiзгі Бiлiм және ғылым министрлігі, Ауыл әзiрлеушiлерi шаруашылығы министрлігі, Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы Iске асыру мерзiмi 2001-2005 жылдар Бағдарламаның мақсаты Селекцияда, тұқым шаруашылығында, асыл тұқымды мал iсiнде және биопрепараттар өндiрiсiнде ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң гендiк қорын сақтауды, дамыту мен тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету Бағдарламаның мiндеттерi Өсiмдiктердiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң бағалы гендiк қорының ғылымнан ауыл тауар өндiрушiлерiне қарай жылжытудың тиiмдi жүйесiн құру Негiзгі iс-шараларды Бағдарламаны iске асыру жөніндегі атқарушылар шараларда айқындалған Қаржыландыру Республикалық бюджет қаражаты Бағдарламаны көлемi мен көздерi қаржыландыру көзi болып табылады. 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаны ғылыми қамтамасыз етудiң қаржыландыру көлемi - 1850 млн. теңгенi, ал отандық ауыл тауар өндiрушiлерiне сатылған гендiк қордың өнiмiн субсидиялау 5585 млн. теңгенi құрайды. Олардың жыл сайынғы көлемдерi тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады. Күтiлетiн түпкi Бағдарламаны iске асыру гендiк қордың нәтижелерi да, сол сияқты бөлiнетiн бюджеттік қаражаттың да қалыптасуын, сақталуын, дамуы мен тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етедi, сондай-ақ республиканың ауыл тауар өндiрушiлерi үшiн қажеттi бәсекелестiк қабiлеттi өнiмдердi өндiру мен сатуды, басқару мен бақылауды, ұйымдастыру құрылымдарын ғылыми қамтамасыз етудi қалыптастыруға мүмкiндiк бередi. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 тамыздағы № 1167 қаулысымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң гендiк қорын сақтаудың, дамыту мен пайдаланудың 2001-2005 жылдарға арналған" республикалық мақсатты бағдарламасы Астана-2000 ж. 1. Кiрiспе Агроөнеркәсiп кешенi өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн және оның өнiмдерiнiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыру ағымдағы кезеңнiң басты мiндеттерiнiң бiрi болып табылады. Бұл ретте табиғи ресурстар - топырақты, суды, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң гендiк қорын ұтымды пайдалануға жетекші орын берiледi. Алайда, жинақталған гендiк әлеуетті тиiмдi пайдалануға деген кешендi көзқарастың болмауынан оны сақтаудың және жоғалтудың нақты қаупi туындады. Осы республикалық мақсатты бағдарлама ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң гендiк қорын сақтаудың, дамыту мен пайдаланудың проблемаларын шешу үшiн және Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың АӨК қызметкерлерiнiң 2000 жылғы 8 ақпандағы республикалық кеңесіндегі тапсырмасына сәйкес әзiрлендi. 2. Өсiмдiктердiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң қолда бар гендiк қорының қазiргі жай-күйiн талдау Ауыл экономикасын реформалау процесiнде тұқым шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал шаруашылықтарының өнiмдерi баға теңсiздiгiнен және ауыл тауар өндiрушiлерiнiң сатып алу қабiлетiнiң төмендiгiнен сұранысқа ие бола алмай қалды. Нәтижесiнде осы шаруашылықтар экономикасының құлдырауына әкеп соқты және олардың сан миллион қарыздары бар. Ғылыми бағдарламаларды қаржыландырудың көлемiн қысқарту ауыл шаруашылығы бейiніндегі ғылыми-зерттеу институттарын қиын жағдайға қалдырды, iргелi және қолданбалы ғылыми-зерттеулердiң, оның iшiнде өсiмдiктердiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң гендiк қоры саласындағы зерттеулердiң де көптеген бағыттарын тоқтатуға әкеп соқтырды. 2.1. Өсiмдiктердiң қолда бар гендiк қорының жай-күйі және оны пайдалану Республикадағы ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң гендiк қоры 30 мыңнан астам үлгiнi құрайды, оның iшiнде: дәндi дақылдар - 18,4, жемдiк - 3,2, көкөнiс және картоп - 3,5, жемiс-жидек - 4,5 және басқа дақылдар - 1,0 мың. Қазiргi уақытта олар бейiмделмеген үй-жайларда сақталуда, оларды есепке алу, жаңалау және сақтау жөніндегі жұмыстар жеткiлiксiз жүргiзiлуде. Осы себептi бидайдың Ақбидай, Балбидай, Қызылбидай, Сарымағыз, Қазақстан 126, Қызыл жұлдыз; арпаның - Прекоциус - 143; жүгерiнiң - Кремнилi жергiлiктi, алманың - апорт Алматы, алмұрттың - Орман аруы, сарымсақтың - Іле, пияздың - Пiскем, еркек шөптiң - Ақсеңгiр жергiлiктi, Ақтөбе, жоңышқаның - Жетiсу жергiлiктi, сыңғақмасақтың - Бозой сорттарына құрып кетудiң нақты қаупi төнiп тұр. Қолда бар гендiк қорларды пайдалана отырып, республикада селекциялау жұмыстары 50 дақыл бойынша 38 ғылыми ұйымда жүргiзiлуде. Алайда егiлiп жүрген ауыл шаруашылығы дақылдарының 1000-нан астам сорты мен будандарының тек 221-i немесе 20 пайызы ғана қазақстандық селекция. Республикада - бастапқы және элиталық тұқым шаруашылығы ғана сақталған. Тәжiрибе-эксперименттiк және элиталық тұқым шаруашылықтарының материалдық базасы әлсiз күйiнде қалып отыр, ал бұл көп жағдайда ғылыми жұмыстардың нәтижесiне керi әсерiн тигiзедi. Сатылған элиталық тұқым үшiн жәрдемақының жеткiлiксiз бөлiнуi, олардың қаржылық жағдайының нашарлауына әкелiп соқтырды. Нәтижесiнде олардың өндiрген өнiмiнiң өзiндiк құны жоғары және ауыл тауар өндiрушiлерi үшiн қол жетiмсiз болып қала бередi. Бұл жаппай көбейетiн тұқым шаруашылықтары жүйесiнiң құлдырауына әкеп соқтырды. Қорытындысында дәндi дақылдар егiсiнiң 25% астамы бабына келтiрiлмеген, 20% сортқа жатпайтын, 50% астамы-төртiншi және белгiсiз репродукциялармен және 50% жуығы аудандастырылмаған сорттармен егiлген едi. 1-кесте Дәндi дақылдардың сорттарын пайдаланудың 1999 жылғы көрсеткiштері --------------------------------------------------------------------------- ! Облыстар ! Аудандасты. ! Өндірісте ! Оның ішінде: ! Аудандас. ! !рылған сорт. !пайдаланыла. !-------------------!тырылғанда. ! !тардың саны !тын сорттар ! ауданда.! ауданда.!рының ішін. ! ! ! !стырылған!стырылма.!де пайдала. ! ! ! ! !ған !нылмайтын. ! ! ! ! ! !дары --------------------------------------------------------------------------- 1 Ақмола 32 34 20 14 12 2 Ақтөбе 9 12 6 6 3 3 Алматы 19 18 6 12 13 4 Шығыс 19 29 9 20 10 Қазақстан 5 Жамбыл 7 7 1 6 6 6 Батыс 9 12 3 9 6 Қазақстан 7 Қарағанды 16 6 3 3 13 8 Қызылорда 11 6 1 5 10 9 Қостанай 23 33 11 22 12 10 Павлодар 16 14 8 6 8 11 Солтүстік 16 34 13 21 3 Қазақстан 12 Оңтүстік 9 6 4 2 5 Қазақстан -------------------------------------------------------------------------- 2.2. Ауыл шаруашылығы жануарларының қолда бар гендiк қорының жай-күйi және оны пайдалану Ғасырлар бойғы халықтық сұрыптаудың базасында және соңғы 50 жылда ғалымдардың күш-жiгерiмен қалыптасқан Қазақстан жануарларының гендiк қоры республиканың түрлi табиғи-климаттық аймақтары мен өңiрлерiне жерсiндiрiлген ауыл шаруашылығының мол өнiмдi жануарларының алуан түрлерi, тұқымдары, типтерi мен аталық iздерiнен тұрады. Қазiр қой мен ешкiнiң - 17, iрi қараның - 11, жылқының - 13, түйенiң - 2, шошқаның - 6 және балықтардың, маралдардың, аралардың көптеген тұқымдары мен құстардың кросстары бар. Асыл тұқымды мал зауыттарының, асыл тұқымды мал репродукторлары мен асыл тұқымды мал фермаларының қалыптасқан желiсi жаңа нарықтық қатынастарға бейiмделе алмады. Олардың басым көпшiлiгi ғылыммен байланысын үзiп алды. Олар субсидиялар мен жәрдемақыларды жеткiлiксiз алды, жануарлардың асыл тұқымдық сапасын сақтай алмады және нәтижесiнде тауарлық шаруашылықтарға айналды. 2-кесте Асыл тұқымды мал шаруашылықтары мен асыл тұқымды малдың 1990-2000 жылдардағы санының динамикасы --------------------------------------------------------------------------- Жану. ! 1990 жыл ! 1995 жыл ! 2000 жыл арлар.!-------------------------------------------------------------------- дың ! Асыл ! Асыл !Жалпы ! Асыл ! Асыл !Жалпы !Асыл ! Асыл !Жалпы түрле.!тұқымды!тұқымды!мал !тұқымды!тұқымды!мал !тұқымды!тұқымды!мал рі !мал ша.!мал !санын.!мал ша.!мал !санын.!мал ша.!мал !санын. !руашы. !саны, !дағы !руашы. !саны, !дағы !руашы. !саны, !дағы !лықта. !мың бас!үлес. !лықта. !мың бас!үлес. !лықта. !мың бас!үлес. !рының ! !тік !рының ! !тік !рының ! !тік !саны, ! !салма.!саны, ! !салма.!саны, ! !салма. !дана ! !ғы, % !дана ! !ғы, % !дана ! !ғы, % --------------------------------------------------------------------------- Ірі 326 1463,4 15 304 379,4 5 120 137,4 3,5 қара мал Қой 191 6346,9 18 185 3015,8 12 73 392,4 4 Шошқа 64 806,2 25 57 109,1 5 7 36,9 3,9 Жылқы 77 146,3 9 77 33 2 20 10,4 1,1 Түйе 13 7,4 5 15 10,2 7 7 5,2 5,4 Құс 21 12697,7 21 21 6249,3 19 12 1111,0 6,4 Марал - - - - - - 3 7,4 - Барлығы 692 661 242 --------------------------------------------------------------------------- Осы себептер бойынша қаракөл, қазақтың асыл тұқымды биязы жүндi, арқар-меринос қойларының, гемпшир типтi қойдың қазақы құйрықты қоймен будандарының, еттi iрi қараның санта-гертруда тұқымының, жылқының дон және ганновер тұқымының бас саны күрт қысқарды. Галовей еттi iрi қарасының, қойдың алтай тұқымының, оңтүстiк-қазақстан меринос қойы және шошқаның iрi ақ және ақсай қара ала тұқымдарының құнды түрлерi жоғалып барады. Iрi қараның қалмақ, герефорд тұқымдары, қойдың-цигай, дегерес, құйрықты қойдың жергiлiктi тұқымының тұқымдастары, кроссбредтi қойдың солтүстiк типі, сирек реңдi (көк, янтарь, алтын, күмiс, жылтыр, гулигаз, ақ) қаракөл қойлары; жылқының - кеңестiк және орыстың ауыр жүк тартатын тұқымы мен көшiм жылқысы жойылудың сәл-ақ алдында тұр. 2.3. Микроорганизмдердiң қолда бар гендiк қорының жай-күйi және оны пайдалану Республика каталогында микроорганизмдердiң 730 түрi мен клеткалардың желiсi; 73-актиномицеттер, 202-бактериялар, 74-ашытқылар, 147-мицелийлi, 125 және 8-фитопатогендi және зоопатогендi саңырауқұлақтар, 3-хламидийлер, клеткалар түрiнiң 18 желiсi, 86-вирустар есепте тұр. Қазақ мал дәрiгерлiгi ҒЗИ штаммалар мұражайында 300-ден астам мәдени түрi сақталынып отыр. Қазақ тамақ өнеркәсiбi ғылыми-зерттеу институтында сүт қышқылды бактериялардың 40 мәдени түрi, ашытқының 30 мәдени түрi және мицелийлi саңырауқұлақтардың 22 штаммасы бар. Биотехнология жөніндегі ұлттық орталықтың (БҰО) кәсiпорындарында биологиялық белсендi заттардың өнеркәсiптiк микроорганизмдер-продуценттерiнiң коллекциясы құрылды. Фармацевтикалық биотехнология институтының коллекциясында микроорганизмдердiң 119 мәдени түрi, оның iшiнде интерферонның, В2 витаминiнiң және т.б. өнеркәсiптiк, маңызды геннинженерлiк продуценттерi бар. Фармацевтикалық биотехнология институты Микробиология институтымен бiрлесе отырып микроорганизмдердiң өнеркәсiптiк мәдени түрлерiнiң каталогын дайындады,онда 169 өнеркәсiптiк штамма-продуценттер мен түрлi тест-мәдени түрлерi жөнiнде мәлiметтер бар. БҰО-тың Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мұражайында микроорганизмдер мен вирустардың 190 штаммасы, өндiрiстiк және бақылау штаммаларының клеткалары мәдени түрлерiнiң 21 желiсi, түрлi саңырауқұлақтардың 120 оқшаулауышы, бидайдың 16000 сорттық үлгісі сақталуда. Алайда микроорганизмдердiң қолда бар штаммаларының жоғалу тенденциясы күшейiп барады. Олардың көбiсi Қазақстанда жасалғанымен, Ресей Федерациясының ғылыми ұйымдарында ғана сақталған. 3. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi Бағдарламаның мақсаты - селекцияда, тұқым шаруашылығында, тұқым асылдандыру iсiнде және ауыл шаруашылығы өнiмiнiң iшкi және сыртқы рыногында бәсекелестiк қабiлеттi өндiрiске арналған биопрепараттарды шығаруда ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң, жануарлардың, құстардың, балықтардың, аралар және микроорганизмдердiң гендiк қорын сақтауды, дамыту мен тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету. Бағдарлама мақсатына жету үшiн мыналарды көздейдi: - Бағдарламаны ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуды, ғылыми мекемелер жүйесiнiң ұйымдық құрылымын жетiлдiру есебiнен ғылыммен қамтамасыз ету жөнiнде шаралар кешенiн жүргiзу; - шығарылған және алынған бағалы гендiк қорды ғылымнан ауыл тауар өндiрушiлерiне жеткізудiң және оны жоғары сапалы және бәсекелестiк қабiлеттi өнiм өндiру үшiн тиiмдi пайдаланудың айқын жүйесiн жасау; - бағалы гендiк қорды сақтау, дамыту және пайдалануға мемлекеттік бақылауды күшейту жөніндегі шараларды жүзеге асыру; - бағалы гендiк қорды сақтау, дамыту мен пайдалану және оның тиiмдiлiгiн арттыруға мемлекеттік қолдауды күшейту жөнiнде шаралар қабылдау; - бағалы гендiк қорды сақтау, дамыту және пайдалану саласында заң базасын жетiлдiру. 4. Жұмыстардың негізгi бағыттары және бағдарламаны iске асырудың тетiктерi 4.1. Бағдарламаны атқарушылар Бағдарламаны ғылыммен қамтамасыз етуге - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы, ал гендiк қорды шаруашылықтық пайдалануға және тұқым мен асыл тұқымды шаруашылығы өнімдері мал өнімдерінің сапасын бақылауды жүзеге асыруға - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жауапты болып табылады. 1-сурет. Бағдарламаның құрылымдық компоненттері Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің, жануарлар мен микроорганизмдердің гендік қорын сақтау, дамыту және пайдалану Функционалдық блок Гендік қорды Гендік қорды қалыптастыру және дамыту сақтау Гендік қорды пайдалану Бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету блогы Ғылыммен Ұйымдастырушылық Құқықтық қамтамасыз ету қамтамасыз ету қамтамасыз ету Кадрлық және ақпараттық Қаржылық қамтамасыз ету қамтамасыз ету Бағдарламаның субъектілері (қатысушылары) Мемлекеттік басқару органдары (Министрліктер, ведомстволар, жергілікті басқару органдары), ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, сондай-ақ тәжірибелік элиталық тұқым және асыл тұқымды мал шаруашылықтары, асыл тұқымды мал шаруашылықтарында және элиталық тұқым шаруашылығы саласында қызмет көрсететін және лицензияның негізінде жұмыс істейтін заңды және жеке тұлғалар Бағдарламаны қолданылатын объектілері Ауыл шаруашылығы өндірісінің салалары, тамақ өнеркәсібі, мал дәрігерлігі дәрі-дәрмектер, тағамдық қоспалар өндіретін салалар 4.2. Бағдарламаны ғылыммен қамтамасыз ету Iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша бюджеттік бағдарламалар шеңберiнде мыналар көзделiнедi: гендiк қорды қалыптастыру және сақтау бойынша: - елiмiзде гендiк қордың қолда барының бәрiн түгендеу және генетикалық құндылығына баға беру шаруашылықтық - бағалы белгiлерi бар ген көздерiн - донорларды табу және бөлiп шығару; - гендiк қорды құжаттау және мемлекеттік тiркеу жүргiзу; - гендiк қор жөніндегі деректердiң ақпараттық банкiн жасау; - ғылыми мекемелердiң немесе базалық шаруашылықтардың жанынан ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланатын ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымына және жануарлардың, құстардың, балықтардың ұрықтары мен эмбриондарына арналған орталық және аймақтық сақтау орындарын ашу; - микроорганизмдер мәдени түрлерiнiң мұражайы мен эталондық және активтiк штаммаларды бақылайтын лаборатория ұйымдастыру; гендiк қорды қолдау және дамыту бойынша: - бұрыннан бар ген көздерi мен шаруашылықтық бағалы белгiлерi бар донорларды үнемi қолдау және оларды жаңаларымен толықтыру; - өсiмдiктердiң жаңа түрлерiн кешендi зерттеу және жерсiндiрудi жүзеге асыру жануарлардың тұқымдарын, типтерiн, аталық желiлерін, құстың кросстарын жетiлдiру, микроорганизмдердiң жаңа штаммаларын алу; - өсiмдiктердiң тұқымдарын, жануарлардың ұрықтары мен эмбриондарын, микроорганизмдердiң штаммаларын сақтаудың технологиялық режимдерiн жетiлдiру; - өсiмдiктердiң, жануарлардың гендiк қорын және микроорганизмдер штаммаларын отандық және әлемдiк көздерден үнемi толықтыру; - деректердiң ақпараттық банкiн гендiк қоры туралы жаңа деректермен толықтыру және оларды ұдайы тұтынушыларға жеткiзiп отыру; - агроөнеркәсiп және биотехнологиялық кешендерi үшiн микроорганизмдердiң жаңа штаммаларын жасау және өндiру; - ауыл шаруашылығы дақылдарының мол өнiмдi, ортаның стресстiк факторларына төзiмдi жаңа сорттары мен будандарын шығару; - жануарлардың жаңа тұқымдарын, типтерi мен желiлерiн, тауықтар мен үйректердiң кросстарын шығару. Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi мен көрсеткiштерi және оларды орындау кезеңдерi 1-қосымшада келтiрiлген. Ғылыми мекемелердiң ұйымдастыру құрылымын жетiлдiру, ғылыми-зерттеу институттары мен тәжiрибе-эксперименттiк шаруашылықтардың қызметiн үйлестiрудi жақсарту бойынша: - мыналарда: А.И. Бараев атындағы қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ; В.Р. Вильямс атындағы қазақ егiншiлiк ҒЗИ; Қазақ жемшөп өндiру және жайылым ҒЗИ; Қазақ картоп және көкөнiс шаруашылығы ҒЗИ; Қазақ жемiс-жидек және жүзiм ҒЗИ; Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ҒЗИ; Қазақ қаракөл (қуаңшылық өсiмдiктерi бойынша) ҒЗИ; БҰО ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында; - өсiмдiк шаруашылығы мен сақтау бойынша - 8 селекциялық-генетикалық орталықтарын (СГО) құру. - мыналарда: Қазақ мал шаруашылығы ҒЗТИ; Қазақ қой шаруашылығы ҒЗТИ; Солтүстiк мал шаруашылығы және мал дәрiгерлiгi ҒЗИ; Қазақ қаракөл шаруашылығы ҒЗИ; Атырау ауыл шаруашылығы ҒЗИ; Оңтүстiк Қазақстан ауыл шаруашылығы ҒЗИ; ат спорты жөніндегі "Қазақ тұлпары" РМҚК; өнiмдi жылқы шаруашылығы бойынша "Мұғалжар" АҚ; Қазақ құс шаруашылығы ҒЗИ; Қазақ балық шаруашылығы ҒЗИ-ында мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, балық шаруашылығы және сақтау бойынша 10 селекциялық-генетикалық орталықтарын құру; - Қазақ өсiмдiк қорғау ҒЗИ-да, Қазақ мал дәрiгерлiгi ҒИ-да, Қазақ тамақ өнеркәсiбi ҒЗИ-да, Фармацевтикалық биотехнология институты мен БҰО-ның ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында микроорганизмдердi сақтайтын мұражайлар құру және оларды толықтыру. Республиканың ғылыми мекемелерiнiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының гендiк қорды сақтау, дамыту және пайдаланудағы iс-қимылын үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясының жанынан Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң гендiк қоры жөніндегі ұлттық кеңес құрылатын болады. Гендiк қор жөніндегі ұлттық кеңестiң құрамына бағдарламаның ғылыммен қамтамасыз ету жөніндегі әкiмшiсi ретiнде Бiлiм және ғылым министрлігінiң, бағдарламаның iс жүзiнде гендiк қорын пайдалану жөніндегі әкiмшiсi ретiнде Ауыл шаруашылығы министрлігінiң, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң, Ұлттық ғылым академиясының, Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының, Биотехнология жөніндегі ұлттық орталықтың өкiлдерi, өсiмдiктердiң, сонымен қатар жануарлар мен микроорганизмдердiң гендiк қоры жөніндегі үйлестiру кеңестерiнiң басшылары енедi. Гендiк қор жөніндегі ұлттық кеңестiң төрағасы болып бағдарлама басшысы және тең төрағасы болып Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi тағайындалады (2-сурет). Бағдарламаның жауапты атқарушысы - Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң, жануарлардың гендiк қоры (3-сурет) жөніндегі үйлестiру және аймақтық кеңестерiн құрады және олар туралы Ережелердi бекiтедi. кадрлық және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |