|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 наурыздағы N ҚР 2003 ж. 8 шілдедегі № 668 Қаулысымен осы Қаулының күші жойылды "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шілдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Уақытша тауарлар әкелуге (әкетуге) кеден режимiн қолданудың, кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 наурыздағы № 342 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 13, 100-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: Кеден бажы мен салығын төлеуден босатылған уақытша әкелiнетiн (әкетiлетiн) тауарлар мен көлiк құралдарының тiзбесiндегi: 1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Акцизделуге жататындарды қоспағанда, мемлекеттік сыртқы заемдар қаражатынан қаржыландырылатын және Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына енгiзiлген инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде пайдаланылатын көлiк құралдары."; 2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Осы тармақтың бiрiншi абзацында көзделген айырықшалықтар мемлекеттік сыртқы заемдар қаражатынан қаржыландырылатын және Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына енгiзілген инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде пайдаланылатын кәсiби жабдыққа қолданылмайды.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |