|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 шілдедегі № 808 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) "Жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың алдын алу және оларға бақылау жасау жөніндегі 1999-2000 жылдарға арналған бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 2 наурыздағы № 193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 7, 55-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың алдын алу және оларға бақылау жасау жөніндегі 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламада: 3 "ЖЖБА-ның таралуының алдын алу жөніндегі iс-шаралар" бөлiмiнде: реттiк нөмiрi 3.1.5.-жолда: 2-бағанда "Заңның" деген сөз "мемлекеттік бағдарламаның" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-бағанда "2000 жылдың IV тоқсаны" деген сөздер "2001 жылдың екiншi жартыжылдығы" деген сөздермен ауыстырылсын; 5-бағанда "Заң жобасы" деген сөздер "Мемлекеттік бағдарлама жобасы" деген сөздермен ауыстырылсын. 2) "Қазақстан Республикасында Әйелдердiң жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимылдар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 19 шiлдедегi № 999 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 35, 311-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында Әйелдердiң жағдайын жақсарту жөніндегi ұлттық іс-қимылдар жоспарында: М. Қыздар бөлiмi бойынша iс-шаралардың жоспарында: реттiк нөмiрi 1-жолда: 3-бағанда "Заңының" деген сөз "мемлекеттік бағдарламасының" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-бағанда "Заңның жобасы" деген сөздер "Мемлекеттік бағдарламаның жобасы" деген сөздермен ауыстырылсын; 6-бағанда "1999 ж." деген сөздер "2001 жылдың екiншi жартыжылдығы" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |