|
|
|
Қазақстан Республикасында омыртқасыз су жәндiктерiнiң кейбір Омыртқасыз су жәндiктерiнiң кейбір түрлерiн тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі салина артемиясы және гаммарус омыртқасыз су жәндiктерi мекендейтiн жер болып табылатын, оларды пайдалануға рұқсат етiлетiн су айдындарының тiзбесiн заңнамада белгiленген тәртiппен анықтасын. 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі салина артемиясы мен гаммарусты, сондай-ақ олардың туындыларын Қазақстан Республикасынан тысқары заңсыз әкетудi болдырмау жөнiнде шаралар қабылдасын. 3. Заңсыз өндiру және Қазақстан Республикасынан тысқары әкету кезiнде алынған салина артемиясы мен гаммарус, сондай-ақ олардың туындылары заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Охотзоопром" ӨБ" республикалық мемлекеттік кәсiпорнына беруге жатады деп белгiленсiн. ҚР Үкіметінің 10.04.02 ж. № 408 қаулысымен 4-тармақ күшін жойылды 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |