Жоғары кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында мемлекеттік Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2003 ж. 13 ақпандағы № 79 бұйрығына сәйкес осы бұйрығының күші жойылды Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Бiлiм туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегi № 1305 "Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау туралы Ережесiн бекіту туралы" Қаулысын орындау үшiн Бұйырамын: 1. Қоса берiлiп отырған "Жоғары кәсiптiк білім беретiн білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды жүргiзу тәртібі туралы Нұсқаулық" бекітілсiн. 2. Жоғары білім департаментi (Ә.Ә. Әбжаппаров): 1) осы бұйрықты белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тiркеуден өткізуге ұсынсын; 2) осы бұйрықты жоғары оқу орындары назарына жеткiзсiн. 3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Ә.С. Ахметовке жүктелсiн. Министр Бiлiм және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 18 қазандағы № 1001 бұйрығымен бекітілген Жоғары кәсiптiк білім беретiн білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды жүргiзу тәртібі туралы Нұсқаулық 1. Жалпы ережелер 1. Жоғары кәсiптiк білім беретiн білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды жүргiзу тәртібі туралы осы Нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Бiлiм туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi № 1305 "Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау туралы Ережесiн бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрi - Қаулы) сәйкес әзiрлендi. Нұсқаулық ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарынан тәуелсiз, жоғары кәсiптiк білім беретiн білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізудiң тәртібі мен бiрыңғай талаптарын белгiлейдi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|