|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 560 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін: Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары Нефедов Петр Петрович - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі; "Дунаев Арман Ғалиасқарұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті директорының міндетін атқарушы, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: Дунаев Арман Ғалиасқарұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу департаментінің директоры, хатшы"; көрсетілген құрамнан Әбітаев Есберген Әбітайұлы, Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |