|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне ерекше қорғалатын табиғи Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 17-18, 215-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат): 1) тараулар нөмiрлерi араб сандарына өзгертiлсiн; 2) 2-баптың 2-тармағы алып тасталсын; 3) 5-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Мемлекеттік табиғи-қорық қорының жер учаскелерi және оларда орналасқан объектiлерi жекешелендiруге жатпайды."; 4) 6-баптың 1-тармағының төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;"; 5) 7-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын: "уәкiлеттi органдарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп, қабылдау туралы ұсыныстар енгiзуге;"; 1-тармақтың үшiншi абзацындағы "схемаларын" деген сөз "бағдарламаларын" деген сөзбен ауыстырылсын. 6) 8-бапта: бесiншi абзац алып тасталсын; жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызудың және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру үшiн жер резервiн жасаудың тәртібін белгiлейдi;"; сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың бағдарламаларын бекiтедi;"; тоғызыншы абзац алып тасталсын; он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы бейтарап үй-жайларды, ғимараттар мен объектiлердi бұзудың (көшiрудiң), барлық санаттағы жердiң есебiнен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және оларды кеңейту үшiн жер учаскелерiн алып қоюдың (сатып алудың), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жер учаскелерiн, үйлер мен ғимараттарды ғылыми, туристiк және рекреациялық қызмет үшiн жалға берудiң тәртібін белгiлейдi;"; он екiншi және он бесiншi абзацтар алып тасталсын; 7) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын: "9-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының құзыретi Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы: орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорық iсi саласындағы қызметiн үйлестiредi және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады; белгiленген тәртіппен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша жаратылыс-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi, үлгi және жеке ережелердi әзiрлейдi; ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың бағдарламаларын әзiрлейдi; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерi бойынша ережелер мен әдiстемелiк нұсқауларды бекiтедi; республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқаруды жүзеге асырады және оларда ғылыми зерттеулердiң, табиғатты қорғау және қалпына келтіру іс-шараларының жүргізілуiн қамтамасыз етедi; табиғи-қорық қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар объектiлерiнiң мемлекеттік кадастрын жүргiзедi; ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады."; 8) 10-бапта: тақырыптағы және бiрiншi абзацтағы ", мемлекеттік комитеттердiң", ", мемлекеттік комитеттер" деген сөздер алып тасталсын; екiншi абзацтағы "дамыту мен орналастыру схемалары бойынша" және "қорғау жөніндегі" деген сөздер "дамытудың бағдарламалары бойынша" және "қорғау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын; үшiншi абзацтағы "мемлекеттік сараптама" және "қорғау жөніндегі" деген сөздер "мемлекеттік экологиялық сараптама" және "қорғау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын; төртiншi және алтыншы абзацтардағы "қорғау жөніндегі" деген сөздер "қорғау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 11-бапта: 1-тармақтың екiншi абзацындағы "дамыту мен орналастыру схемаларын" деген сөздер "дамытудың бағдарламаларын" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың үшiншi абзацындағы "дамыту мен орналастыру схемалары жөнiнде" деген сөздер "дамытудың бағдарламалары жөнiнде" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың айналасына, осы аумақтардың экологиялық жүйесiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн кез-келген қызметке осы аймақтардың шегiнде тыйым сала отырып, қорғаныш өңiрлерiн белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдайды;"; 10) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын: "12-бап. Мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектiлерi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлерi 1. Мемлекеттік табиғи-қорық қорына мына объектiлер енгiзiледi: зоологиялық объектiлер - жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнген түрлерi, жануарлардың құнды түрлері, жануарлардың типтiк, бiрегей және сирек кездесетiн тобы; ботаникалық объектiлер - өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнген түрлері, өсімдіктердiң құнды түрлерi, өсiмдiктердiң типтiк, бiрегей және сирек кездесетiн тобы; орман объектiлерi - ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы ормандар, орман-дақылдық өндiрiсi мен егiстiктi қорғайтын орман өсiрудiң бiрегей үлгiлерi; дендрологиялық объектiлер - ғылыми және мәдени-тарихи маңызы бар жекелеген ағаштар немесе олардың топтары, бау-парк дақылдарының бiрегей үлгiлерi; халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар объектiлерi теңiз айдындарын қоса алғанда, дағдылы өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн, әсiресе су құстары мекендейтiн жер ретiнде пайдаланылатын табиғи және жасанды су қоймалары; геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлер - жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды учаскелерi; топырақ объектiлерi - әртүрлi топырақ аймақтарындағы типтiк, бiрегей және сирек кездесетiн топырақтар; ландшафттық объектiлер - типтiк, бiрегей және сирек кездесетiн ландшафттар, ту табиғаттың эталондық учаскелерi, ерекше рекреациялық маңызы бар ландшафттар; мемлекеттік ерекше маңызы немесе ғылыми ерекше құндылығы бар су қоймалары. 2. Қазақстан Республикасында мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң құрылу мақсатына, қорғау режимiне және пайдалану ерекшелiктеріне байланысты ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мынадай түрлерi құрылады: биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттік табиғи қорықтар; мемлекеттік ұлттық табиғи парктер; мемлекеттік табиғи резерваттар; мемлекеттік табиғи парктер; мемлекеттік табиғат ескерткiштерi; мемлекеттік қорық өңiрлерi; мемлекеттік табиғи заказниктер; мемлекеттік зоологиялық парктер; мемлекеттік ботаникалық бактар; мемлекеттік дендрологиялық парктер; мемлекеттік табиғи қорықтар-сепортерлер. Қазақстан Республикасының заңдарымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн."; 11) 13-баптың 2-тармағындағы "орталық атқарушы органдармен" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын; 12) 14-бап алып тасталсын; 13) 15-баптың 1-тармағындағы "схемаларына" деген сөз "бағдарламаларына" деген сөзбен ауыстырылсын; 14) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын: "16-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру негiздемелерi 1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бiрыңғай әдiстемелер бойынша әзiрленетiн жаратылыс-ғылыми, техникалық-экономикалық негіздемелерге сәйкес құрылады. 2. Жаратылыс-ғылыми негiздеме табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң бiрегейлiгiн және маңыздылығын анықтайды, табиғи кешендердiң экологиялық жай-күйiне баға бередi және оларды қорғау, қалпына келтiру мен пайдалану жөнiнде ұсыныстар енгізедi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың, оның шекараларының, алаңдарының және функционалдық аймақтарының түрi мен санатын таңдауды негiздейдi. 3. Техникалық-экономикалық негiздеме және оның құрамына енетiн жер бөлу жобасы: ерекше қорғалатын табиғи аумақтың құрамына берiлетiн жерлердiң шекарасы мен көлемiн; осы жердiң меншiк иелерiнен жер учаскелерiн сатып алуға және (немесе) оларды алып қоюдағы залалдарды жабуға байланысты шығындарды; осы аймақтардың шегiнде аумақты функционалдық аймаққа бөлудi, табиғи ресурстарды қорғау режимi мен реттелетiн рекреациялық және шектелген шаруашылық пайдалану шарттарын; ерекше қорғалатын табиғи аумақты ұйымдастыру, ұстау және дамыту жөнiндегі шаралар мен шығыстарды анықтайды. 4. Жаратылыс-ғылыми, техникалық-экономикалық негiздемелердiң жобалары, жер бөлу жобалары мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткiзiлуге және қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органда бекітілуге тиiс;"; 15) 17-баптағы "мемлекеттік сараптамалар мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық атқарушы органның" деген сөздер "мемлекеттік экологиялық сараптама мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын"; 16) 18-бапта: 1-тармақтағы "қорғау жөніндегі" деген сөздер "қорғау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың үшiншi абзацындағы "күзет, санитариялық-қорғаныш және осы аумақтың өзге де қорғаныш өңiрлерiнiң" деген сөздер "оның қорғаныш аймағының" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы "қорғау жөніндегі" деген сөздер "қорғау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын; 17) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын: "19-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерiнің құқықтық жағдайы Биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік табиғи парктер, мемлекеттік зоологиялық парктер, мемлекеттік ботаникалық бақтар, мемлекеттік дендрологиялық парктер, мемлекеттік табиғи қорықтар-сепортерлер мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлғалар болып табылады."; 18) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Заңды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өз рәмiздерi (жалаулары, вымпельдерi, эмблемалары және басқалары) болуы мүмкiн, олар нақты сол аумақтың толық немесе ресми қысқартылған атауын қамтуға тиiс."; 19) 23-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "23-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғаудың жалпы ережелерi"; 20) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын: "24-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорғалатын аймақтары 1. Қолайсыз сыртқы ықпалдардан қорғау үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың айналасына сол аймақтар шегiнде осы аумақтардың экологиялық жүйелерiнiң жай-күйiне және қалпына келтiрiлуіне теріс ықпал ететiн қандай да болсын қызметке тыйым салынатын қорғаныш аймақтары белгiленуi мүмкiн. 2. Қорғаныш аймақтары табиғи ресурстарының көлемiн, шекарасын, режимiн және пайдалану тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның келісімiмен жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi. Қорғаныш аймақтарының жерi арнайы белгiлермен белгiленедi;"; 21) 26-баптың 1-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау көбейту, өсiру және табиғи ортада қалпына келтiру;"; 22) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын: "27-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік табиғи-қорық қорын қалпына келтiрудi ұйымдастыру Мемлекеттік табиғи-қорық қорын қалпына келтiрудi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйесiне зиянды әсердiң алдын алу және жою жөніндегі қорғау шараларын ұйымдастыруды осы аумақтар қарауында болатын тиiстi табиғат қорғау мекемелерiнiң, мемлекеттік органдардың арнаулы қызметтерi немесе оған тартылатын ұйымдар жүзеге асырады."; 23) Мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын: "5-1-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауды ұйымдастыру 27-1-бап. Биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердiң және мемлекеттік табиғи резерваттардың табиғи кешендерi мен объектiлерiн қорғау 1. Биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттік табиғи резерваттардың табиғи кешендерi мен объектiлерiн қорғауды, қызметкерлерi осы мемлекеттік мекеменiң штатына кiретiн, олардың аумақтарын қорғау жөніндегі арнаулы мемлекеттік инспекция жүзеге асырады. 2. Биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық парктердiң, мемлекеттік табиғи резерваттардың директорлары және олардың орынбасарлары тиiсiнше биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердiң және мемлекеттік табиғи резерваттардың аумақтарын қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлар және олардың орынбасарлары болып табылады. 27-2-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар аумақтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құқықтары 1. Мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттік табиғи резерваттардың осы ерекше қорғалатын аумақтарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылатын қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес: мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар аумақтарындағы адамдардың аталған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу құқығына рұқсатты тексеруге; мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар аумақтарына жапсарлас жатқан қорғаныш аймақтары аумақтарында табиғат пайдалануды және өзге де қызметтi жүзеге асыру құқығына құжаттарды тексеруге; мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар аумақтарында және олардың қорғаныш аймақтарында Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын бұзған адамдарды ұстауға және аталған тәртiп бұзушыларды құқық қорғау органдарына жеткiзуге; мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттік табиғи резерваттардың белгiленген режимiн бұзуға кiнәлi адамдарды әкiмшiлiк жауапқа тарту туралы материалдарды жiберуге; Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын бұзушылардан заңсыз табиғат пайдалану өнiмдерi мен құралдарын, көлiк құралдарын, сондай-ақ тиiстi құжаттарды алып қоюға; мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар аумақтарында және олардың қорғаныш аймақтарында көлiк құралдарына тексеру жүргiзуге; мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар аумақтарында және олардың қорғаныш аймақтарында орналасқан кез келген объектiлерге Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдары талаптарының сақталуын тексеру үшiн кедергiсiз баруға; мемлекеттік табиғи қорықтарды, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердi, мемлекеттік табиғи резерваттарды және олардың қорғаныш аймақтарын ерекше қорғау режимiне сәйкес келмейтiн шаруашылық және өзге де қызметтi тоқтата тұруға; мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттік табиғи резерваттардың, олардың қорғаныш аймақтарының табиғи кешендерi мен объектiлерiне оларды қорғаудың белгiленген режимiн бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың орнын толтыру есебiнен мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттік табиғи резерваттардың пайдасына қаражат өндiрiп алу туралы жеке және заңды тұлғаларға талап-арыз келтiру; заңдармен көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарының бұзылғандығы туралы материалдарды құқық қорғау органдарына жiберуге құқығы бар. 2. Мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар аумақтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға осы Заңмен өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде қызмет мiндеттерiн орындаған жағдайда қызметтiк қаруын алып жүруге және арнайы құралдарды қолдануға рұқсат берiледi. Қызметтiк атыс қаруы мен арнайы құралдарды алу, сақтау және қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi. 3. Мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар аумақтарын қорғау жөнiндегі мемлекеттік инспекторлар сауыт кеудешелермен және жеке қорғаныстың басқа да құралдарымен қамтамасыз етiледi. 4. Мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар аумақтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мiндеттi мемлекеттік сақтандырылуға тиiс. 27-3-бап. Мемлекеттік табиғи парктердiң, мемлекеттік табиғи заказниктердiң және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерiн қорғау 1. Мемлекеттік табиғи заказниктердiң аумақтарын қорғауды олар қарауында болатын орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заң және өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген тәртiппен жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік табиғи парктердiң аумақтары мен басқа да жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауды олар қарауында болатын атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заң және өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген тәртiппен жүзеге асырады. 3. Мемлекеттік табиғи заказниктер, мемлекеттік табиғи парктер аумақтарын және басқа да жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауды жүзеге асыратын қызметкерлер мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер және мемлекеттік табиғи резерваттар аумақтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар пайдаланатын құқықтарды пайдаланады."; 24) 29-бапта: 1-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "жабайы жануарлар мен жабайы өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң көбеюiн қалпына келтiрудің ғылыми негiздерiн әзiрлеу"; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы ғылыми зерттеулердi әдiстемелiк басшылық пен үйлестiрудi қоршаған ортаны қорғау саласындағы және ғылым саласындағы орталық атқарушы органдар бiрлесiп жүзеге асырады."; 25) 33-баптың 2-тармағындағы "қорғау жөніндегі" деген сөздер "қорғау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын; 26) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын: "34-бап. Мемлекеттік табиғи қорық ұғымы 1. Мемлекеттік табиғи қорық - табиғи процестердiң, тұрпатты және бiрегей экологиялық, жүйелердiң, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң биологиялық алуан түрлiлiгi мен генетикалық қорын табиғи жағдайда сақтап, дамуын зерттеуге арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақ. 2. Мемлекеттік табиғи қорықтардың бүкiл аумағында табиғи ресурстарды шаруашылық жүргiзу үшiн пайдалануды болғызбайтын қорғаудың қорықтық режимi белгiленедi."; 27) 35-баптың 1-тармағында: бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "1. Мемлекеттік табиғи қорықтарда, осы Заңның 23-бабында көрсетiлген жалпы қорғау шараларын қоспағанда;"; бесiншi абзацтағы "басты мақсатта пайдаланылатын" деген сөздер "орман қорғау шараларын жүргiзу және қорықтардың қызмет етуi үшін қажеттi санитариялық және өзге де кесулердi қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын; жетiншi абзацтағы "балық аулауға" деген сөздер "кәсiпшiлiк балық аулауға" деген сөздермен ауыстырылсын; сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "флоралар мен фауналар үшiн өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерiн жаңа жағдайларға бейiмдеуге"; 28) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын: "37-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтарды мәдени-ағарту, оқу, туристiк, рекреациялық және өзге де мақсаттарға пайдаланудың ерекшелiктерi Мемлекеттік табиғи қорықтарда, құрамына айрықша құнды экологиялық жүйелер мен объектiлер кiрмейтiн арнайы бөлiнген учаскелерде уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен: экскурсиялық экологиялық маршруттар ұйымдастыруға және туристiк соқпақтар мен тұрақтар салуға, ашық аспан астында мұражайлар мен экспозициялар орналастыруға; спорттық және әуесқойлық балық аулауға; қорық қызметкерлерiнiң және оның аумағында тұрақты тұратын азаматтарға өз қажеттерi үшiн саңырауқұлақ, жаңғақ, жидек, дәрiлiк өсiмдiктер жинауға, шөп шабуға; қорық қызметкерлерiнiң, сондай-ақ оның аумағында тұрақты тұратын өзге де азаматтардың жеке малын жаюға жол берiледi."; 29) мынадай мазмұндағы 38-1-баппен толықтырылсын: "38-1-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтар-сепортерлер 1. Мемлекеттік табиғи қорық-сепортер - қорық режимiмен қорғалатын, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, ол табиғи қайта түлеуге бейiмi жоқ, адам әрекетiнен бұзылған бiрегей табиғи кешендердi қалпына келтiруге және зерделеуге арналған. 2. Мемлекеттік табиғи қорықтар-сепортерлердi қорғау режимi олардың ғылыми қызметiн және оларды мәдени-ағарту, оқу және туристiк мақсаттарға пайдалануды ұйымдастыру мемлекеттік табиғи қорықтар үшiн көзделген тәртiппен жүзеге асырылады."; 30) 39-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Мемлекеттік ұлттық табиғи парк - айрықша экологиялық, рекреациялық және ғылыми жағынан ерекше құнды табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектiлердi сақтауға, қалпына келтiруге және сан-салалы пайдалануға арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақ."; 31) 40-баптың атауы мен 1, 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: "40-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумақтарын аймақтарға бөлу және оларды пайдаланудың ерекшелiктерi 1. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде табиғи кешендердi қорғау режимiне және пайдалану мақсаттарына қарай мынадай функционалдық аймақтар мен шағын аймақтар ерекшеленедi: 1) қорық режиміндегі; 2) мынадай шағын аймақтары бар заказдық режимдегi: рекреациялық пайдалану; әкiмшiлiк-өндiрiстiк мақсаттағы; келушiлер мен туристерге қызмет көрсету; шектеулi шаруашылық қызмет. 2. Ұлттық парктердiң қорық аймақтарының шегiнде кез-келген шаруашылық қызметке, рекреациялық пайдалануға тыйым салынады және онда мемлекеттік табиғи қорықтардың ерекше қорғалатын аумақтарының режимiне сәйкес келетiн режим қолданылады. Заказдық режим аймақтарында табиғи кешендер мен объектiлердi сақтауға арналған жағдайлар қамтамасыз етiлiп, сол аумақта оларды қатаң реттей отырып пайдалануға, соның iшiнде: рекреациялық пайдалану, шектеулi шаруашылық қызмет, әкiмшiлiк-өндiрiстiк мақсаттағы және келушiлерге қызмет көрсету шағын аймақтарында спорттық және әуесқойлық аң аулау мен балық аулау, рекреациялық орталықтардың, қонақ үйлердiң, кемпингтердiң, мұражайлар мен туристерге қызмет көрсететiн басқа да объектiлердiң құрылысын салуға және пайдалануға беруге жол берiледi."; 32) мынадай мазмұндағы 8-1-тараумен толықтырылсын: "8-1-тарау. Мемлекеттік табиғи резерваттар 40-1-бап. Мемлекеттік табиғи резерват ұғымы 1. Мемлекеттік табиғи резерват - осы аумақтағы ландшафттық және биологиялық алуан түрлiлiктi сақтауға және қалпына келтiруге, табиғи ресурстардың тұрақты дамуы мен теңгермелi пайдаланылуын қамтамасыз етуге арналған әртүрлi қорғау режимдерi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. 2. Мемлекеттік табиғи резерваттардың республикалық маңызы бар санаты болады. 40-2-бап. Мемлекеттік табиғи резерваттардың аумақтарын аймақтарға бөлу және оларды қорғау режимiнiң ерекшелiктерi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |