|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне 1-бап. Қазақстан Республикасының кейбір заң актілерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн: 1. Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат): 1) 4-бап мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудiң мiндетті шарты мұндай рұқсат алуға үміткер адамның Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртіппен Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өзiнің төлем қабiлетiн растауы болып табылады."; 2) 9-баптың екiншi бөлiгi "сондай-ақ" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын. 2. "Халықтың көшi-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 24, 341-құжат): 24-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: "3-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өзінің төлем қабілетін растауды табыс етпеген адамдарға;". 2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |