|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне көші-қон мәселелері Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат; 1999 ж., № 20, 721, 727-құжаттар; № 21, 787-құжат; № 22, 791-құжат; № 23, 931-құжат; № 24, 1066-құжат; 2000 ж., № 10, 248-құжат): 15-бап мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын: "Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға байланысты қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия жұмыс берушi Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерден Республика аумағында жұмыс iстеу үшiн жалдайтын шетел азаматтарын тартуға арнап, Қазақстан Республикасының Үкіметі тұтастай және кәсiптiк топтар бойынша белгiлейтiн квота ескерiле отырып берiледi.". 2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат): 4-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп, соған iшкi iстер органдарының берген рұқсатын және шетелдiк азаматтың Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын не азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн алған шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар танылады."; 6-бапта: бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек ету бостандығына конституциялық құқығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында заң актілерімен шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасында еңбек қызметiн жүзеге асыруы жөніндегі шектеулер белгiленуi мүмкiн."; үшiншi бөлiктегi "Шетел азаматтары" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын" деген сөздермен толықтырылсын; 10-бапта: бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында заң актілерімен шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасында тегiн жоғары білім алуына шектеулер белгiленуi мүмкiн."; екiншi бөлiктегi ", сондай-ақ оқу орындарымен жасасқан контракттар мен шарттар бойынша" деген сөздер алып тасталсын; 28-бапта: в) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының шегiнен қуылуы мүмкiн" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы г) тармақшамен толықтырылсын: "г) егер Қазақстан Республикасының азаматымен некеге тұруы оны Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру үшiн негiз болып табылып, заң актілерімен белгiленген тәртiппен неке заңсыз деп танылған жағдайда Қазақстан Республикасының шегiнен қуылуы мүмкiн."; екiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Олар iшкi iстер органдарының арнаулы мекемелерiнде ұсталады.". 3. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 16, 141-құжат): мынадай мазмұндағы 330-1-баппен толықтырылсын: "330-1-бап. Шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың өздерiне қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу туралы шешiмдердi орындамауы - бiр жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде не сотталған адамның бiр айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не алты айға дейiнгi мерзімге қамауға алуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.". Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |