|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 1 маусымдағы № 604 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде: "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі" деген 8-бөлімде: "Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь" деген жолдың 3-бағанындағы "452" деген сан "576" деген санмен ауыстырылсын; "Қазақ республикалық лепрозорийі" деген жолдың 3-бағанындағы "270" деген сан "227" деген санмен ауыстырылсын; "Арал теңізі обаға қарсы станциясы" деген жолдың 3-бағанындағы "167" деген сан "172" деген санмен ауыстырылсын; "Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы" деген жолдың 3-бағанындағы "632" деген сан "690" деген санмен ауыстырылсын; "Қатаң байқаудағы республикалық психиатриялық аурухана" деген жолдың 3-бағанындағы "687" деген сан "750" деген санмен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |