|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № ҚР Үкіметінің 2006.28.09. № 931 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Аудиторлық қызметті лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 878 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 29, 284-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: кіріспедегі "Қазақстан Республикасы Президентінің" "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 заң күші бар Жарлығына" деген сөздер "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Аудиторлық қызметті лицензиялаудың тәртібінде: 2-тармақта "банктік қызметтің" деген сөздер "банктік және сақтандыру қызметінің" деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "8. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды және жалғыз данада беріледі. Лицензия жоғалған жағдайда, Лицензиаттың телнұсқа алуға құқығы бар. Лицензиар он күн ішінде Лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша лицензияның телнұсқасын беруді жүргізеді. Бұл ретте Лицензиат қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алым төлейді."; 9-тармақта: "кәсіпкерлік қызметті тоқтатқан," деген сөздерден кейін "лицензия қайтарып алынған" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, ол бір ай мерзімде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы Лицензиарға хабарлауға міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтінішті берген күнінен бастап он күн ішінде Лицензиар лицензияны қайта ресімдейді. Лицензия қайта ресімделген және көрсетілген құжат берілген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым төленеді"; 15-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы "көшірмесі" деген сөзден кейін "және статистикалық карточкасы" деген сөздермен толықтырылсын; 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "20. Лицензиар тоқтата тұрудың себебін көрсете отырып, лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы. Шағын кәсіпкерлік субъектісі лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруды Лицензиардың, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтініші бойынша сот жүргізеді. Шағын кәсіпкерлік субъектісі лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы өтінішті уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа жібереді. Шағын кәсіпкерлік субъектісі лицензиясының қолданылуын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ерекше жағдайларда, көрсетілген мерзімде сотқа талап арызын міндетті түрде ұсына отырып, соттың шешімінсіз 3 күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға жол беріледі. Бұл ретте тоқтата тұру туралы кесім соттың шешімі шыққанға дейін қолданылады"; 24-тармақта: 1) тармақша алынып тасталсын; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "2) экономика, қаржы, есептік-талдау, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында соңғы жеті жылдың бес жылы ішінде, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы бухгалтерлік есеп және аудит бойынша көрсетілген салаларда соңғы бес жылдың кемінде екі жыл практикалық жұмыс өтілі болған кезде, ғылыми-оқытушылық қызметте жұмыс тәжірибесінің болуы"; мынадай мазмұндағы 25-тармақпен толықтырылсын: "25. Лицензия алу үшін аудиторлық ұйым мынадай талаптарға жауап беруі тиіс: 1) аудиторлық ұйымдағы аудиторлардың саны кемінде екі адамды құрауы тиіс; 2) аудиторлық ұйымның жарғылық капиталындағы аудиторларға және (немесе) аудиторлық ұйымдарға тиесілі үлес кемінде 51 пайызды құрауы тиіс; 3) аудиторлық ұйымның басшысында міндетті түрде Қазақстан Республикасы аудиторының біліктілік куәлігі болуы тиіс". мынадай мазмұндағы "Тараптардың жауапкершілігі" деген бөліммен толықтырылсын: "Тараптардың жауапкершілігі 26. Бюджетке төленген алым сомасының дұрыстығы, толықтығы және уақытылығы үшін жауапкершілік Лицензиатқа жүктеледі. 27. Тиісті лицензиясыз не лицензиялық нормаларды және ережелерді бұза отырып, аудиторлық қызметпен айналысу заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соқтырады". 2. Осы қаулы 2001 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін осы қаулының 1-тармағының жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтарынан басқа, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |