|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы N ҚР Үкіметінің 2002 ж. 7 қазандағы № 1096 қаулысымен осы қаулының күші жойылды "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1731 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 498-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеге: 1-тармақта: "заңдарда көзделген шектерде" деген сөздерден кейін "астық рыногы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, оған қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді, сондай-ақ мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды" деген сөздер толықтырылсын; "мемлекеттік астық ресурстарын сақтау және сату" деген сөздер алынып тасталсын; 9-тармақта: 2) тармақша "кешенін" деген сөзден кейін "және астық рыногын реттеуді" деген сөздермен толықтырылсын; 5) тармақшада: "мемлекеттік астық ресурстарын сақтау және сату" деген сөздер "тұқым шаруашылығы, мемлекеттік астық ресурстарын басқару" деген сөздермен ауыстырылсын; "жобалардан" деген сөзден кейін ", сондай-ақ астық сапасы мемлекеттік стандарттарының жобаларын" деген сөздермен толықтырылсын; 8) тармақша "астық," деген сөзбен басталсын; 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "10) астықтың сапасын, сондай-ақ мемлекеттік азық-түліктік астық резервін қоса алғанда, мемлекеттік астық ресурстарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады"; мынадай мазмұндағы 10-2) - 10-6) тармақшалармен толықтырылсын: "10-2) астық рыногының мониторингін жүргізеді; 10-3) ауыл шаруашылығы техникасының лизингін ұйымдастыру, селекция мен тұқым шаруашылығын, дәнді дақылдарды өсіру және өсімдіктерді қорғау технологиясын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді әрі іске асыруға қатысады; 10-4) астық сапасы сертификаттарының нысанын, оларды беру мен қолдану тәртібін белгілейді; 10-5) астықты сертификаттау жөніндегі органдарды, зертханаларды (орталықтарды) астық сапасының сертификаттарын беру құқығына тіркеуді жүргізеді; 10-6) заңнамалық кесімдерде белгіленген жағдайларда астық қабылдау кәсіпорындарын уақытша басқаруды енгізуге бастама жасайды, оны жүзеге асыруға қатысады және тоқтату туралы шешім қабылдайды"; 10-тармақта: 1) тармақша "өндірісінде," деген сөзден кейін "астық өндіруде, элиталық тұқым шаруашылығында," деген сөздермен толықтырылсын; 7) тармақшада "астық пен оның өңделген өнімдерінің сақталу сапасына" деген сөздер "астық сапасына" деген сөздермен ауыстырылып, "және олардың мониторингін жүргізу" деген сөздер алынып тасталсын; 11-тармақта: мынадай мазмұндағы 4-1) - 4-5) тармақшалармен толықтырылсын: "4-1) мемлекеттік астық ресурстарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік астық ресурстарын сақтаушы астық қабылдау кәсіпорындарынан оны тиеп жөнелтуді келісуге; 4-2) астық қолхаттарының нысанын бекітуге; 4-3) элиталық тұқым өндіру және сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттауды өткізуге; 4-4) тұқым шаруашылығында сорттылық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыруға; 4-5) тұқымға сорт үстемесінің нормаларын белгілеуге"; 7-тармақшада: екінші абзац "астық туралы," деген сөзбен басталсын; үшінші абзацтағы "шығаруға" деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, "мемлекеттік" деген сөздің алдынан мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жөнелту мен тасуға; астықтың сапасына". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |