|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.08.03 ж. № 837 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды "Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 165 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 54-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі туралы ережеде: 1-тармақта: "жүзеге асырушы" деген сөздерден кейін ", қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырушы;" деген сөздермен толықтырылсын; 11-тармақта: 45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "45) қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;"; мына мазмұндағы 45-1) және 45-2) тармақшалармен толықтырылсын: "45-1) Қазақстан Республикасының қорғаныс тапсырысын қалыптастырады, оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсынады және бекітілген тапсырмаларды мемлекеттік тапсырысшы мен орындаушыларға жеткізеді; 45-2) қорғаныс тапсырысы тапсырмаларын орындау жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі салааралық үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады;". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |